Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2476 материал табылды

Экология • 18 Қараша, 2022

Медеуге экокөліктер кіре ала ма?

Көлікпен жүретін көзі қарақты оқырман бұған дейін Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы электрмен жүретін көліктерді Медеу аумағына кіргізуге қатысты мәселе көтеріліп жүргенін біледі. Қала билігіне алматылықтар мен шаһар қонақтарының Медеу шатқалының саф ауасын ластамауы қашан да өзекті.

Медицина • 17 Қараша, 2022

Балалар көз ауруы қалай емделеді?

Жарық әлемнің сұлулығы мен көркіне адам баласының көзі тойған ба?! Алайда мына дүниеге шыр етіп келгеннен соң бүкіл ғаламның ғажайыбын қос жанарыңмен көрмек түгілі, елестете алмаудан өткен азап жоқ шығар?! «Көрмейтін көз, сусыз жер мұңлы». Егер маңдайдағы қос жұлдызыңды сақтау жаратқанның жазуынан бөлек, өзіңе де тәуелді болса, онда барлығын тағдырға жауып қоя салудың жөні жоқ. Сондықтан мамандар қашан да жаңа туған нәрестерлерді бірден барлық ауруға тексеріп, оның ішінде офтальмологиялық скрининг жасауға кеңес береді. Себебі сәбилерде қанмен берілетін, яки анасының құрсағында жатқанда жүктіліктің дұрыс жүргізілмеуінен түрлі дерт табылып жатады. Бұл – балалардың көз қылилығынан бастап, көздің қатерлі ісігі, ретинопатия, ретинобластома сияқты жалпы атауға ие кеселдер.

Аймақтар • 17 Қараша, 2022

«ALA» бағы Гиннестің рекордтар кітабына ене ме?

Әлі де болса бір кездегі Алматының «жасыл қала» деген даңқын ұстап тұрған әдемі бақтар бар. Соңғы жылдары қалада «Желтоқсан саябағы», Әйелдер аллеясы мен Қарағайлы орман пайда болғанымен, кәрі ағаштар мен күтімі жоқ желектердің көптігі шаһарға көлеңкесін түсіріп тұрғанын да жасыруға болмайды.

Медицина • 17 Қараша, 2022

Мумбаидан келген хирург аяқ күретамырларына жаңа әдіспен төрт операция жасады

Қазіргі таңда ұдайы дамып келе жатқан медициналық технологиялар бірінші кезекте адам денсаулығына барынша зия­нын тигізбеуді көздейді. Сондықтан осы саланың өзгеріс­тері мен жаңалықтары тура­лы біліп, құлағдар болып отыру әрқай­сымыз үшін де өзекті.

Кино • 14 Қараша, 2022

Соғыстың жұрты

Егер ғайыптан тайып жолыңыз түсіп, осы күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылына бара қалсаңыз, өткен ғасырдан бүгінгі заманға топ етіп түсе қалғандай ескі ауыл­ды көресіз. Өйткені Ақши ауылының маңында белгілі режиссер Талғат Теменовтің «Қара қыз» атты әскери драмасының кезекті сюжеттері түсірілді.

Қазақстан • 14 Қараша, 2022

Климат өзгеруінің мұздақтарға әсері

Мамандар соңғы жылдары ауа райының өзгеріп бара жатқанын айтып, дабыл қағып келеді. Өкінішке қарай, «жаһандық жылыну», «климаттың өзгеруі» сынды терминдер қазір ешкімге де таңсық емес. Ал климат неге құбылады, осы мәселемен түпкілікті айналысып отырған мамандар оған қарсы тұра ала ма? Келеңсіз үдерісті баяулату үшін Жер шарының тұрғындары не істей алады?

Өнер • 13 Қараша, 2022

Жан тебіренткен «Жапон күзі»

Бұл күндері Алматыда «Жапон күзі» атты әлеуметтік-мәдени жоба жүріп жатыр. Алматылықтар 20 қарашаға дейін «Almaty Gallery» көркем галереясынан тегін көре алатын халықаралық мәдени оқиғаның басты қонағы – табиғи және техногендік апаттар, адам мен қоршаған ортаның байланысы сынды мәселелерді көтеріп келе жатқан белгілі жапон фотосуретшісі Шигеру Йошида.

Медицина • 11 Қараша, 2022

Көкірек қуысының кеселі

Екінің бірі демесек те, адам баласының екі пайызында кездесетін көкірек қуысы кеселдерін, яғни кеуденің шодырайып шығып кетуі, яки керісінше ішіне кіріп кетуін бүгінгі медицина қалай емдейді? Өйткені өкпе, қолқаны қысқан осынау дертпен дүниеге келгендер бар. Қалай десек те, денсаулығындағы дәл осы кінәратпен жүргендерге уақыт оздырмай операция жасатуға, емделуге тура келеді.

Қоғам • 08 Қараша, 2022

БҰҰ Даму бағдарламасы өңірлерде жастар хакатондарының легін бастады

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) SKILLS UP атты өңірлік жастар хакатондарының легін өткізуді бастады.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Бесіктегі буллинг

Әлі аузынан анасының сүті де кеппеген жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен әділетсіздік қалай пайда болады? Естіген адамның жаны түршігетін, түрме сияқты жабық мекемелерде, қылмыс әлемінде ғана орын алатын озбырлықты оң-солын танымаған мектеп оқушылары қайдан біледі?