Қоғам • 30 Наурыз, 2023
TikTok-та Наурыз мерекесі туралы бейнероликтер 120 млн рет қаралды
Қысқа видеороликтер жасаумен мәшһүр болған TikTok платформасы танымал контент авторларының қолдауымен тұңғыш рет #Наурыз2023 онлайн-фестивалін өткізген болатын. Наурыздың аяғында мәреге жеткен жоба платформа қауымдастығының айрықша назарында болып, хэштег бойынша контент 120 миллионнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Наурыз, 2023
Сирек кездесетін сүйек ауруы – ахондроплазияны емдеуге бола ма?
Ағзадағы қандай да бір ахуал қалыпқа сыймаса, ол тексеруді, түйткілін табуды қажет етеді. Медицина саласындағы үздіксіз зерттеулердің пайдасы да сонда, көптеген аурудың белгілері ұқсас болғанымен, себебі мен шипасы мүлде бөлек екенін анықтай алады. Мәселен, біраз адам бойының бәкенелігінен зардап шексе, енді бірі баласы аласа болып қалмау үшін ем-дом іздеп жүр. Ал мамандар адамның қалыптан тыс тапал болып қалуын «ахондроплазия» деп атайды.
Құқық • 27 Наурыз, 2023
Жертөледе жасалған спирт өнімдерінің зардабы ауыр
Қолдан арақ-шарап өнімін жасап, сату барлық өңірде кездеседі. Кез келген қалада құқық қорғау органдары жасырын цехтарды әшкерелеп жатады. Әсіресе спирт өнімдерін пластикалық бөтелкелерге құятын осындай алкоделдалдар елдің денсаулығына да, экономикаға да ерекше қауіп төндіруде. Ал талап бойынша сырадан басқа барлық алкогольді пластикалық контейнерлерге құюға тыйым салынған. Себебі пластик пен алкоголь бір-бірімен әрекеттесетіндіктен, адам денсаулығына аса улы қосылыстар түзеді.
Экология • 20 Наурыз, 2023
Қоқысты сұрыптау – әрі мәдениет, әрі бизнес
Әлемнің дамыған елдерінде қоқыстың түрлерін бөліп жинау мәдениеті әбден қалыптасқан. Оған қатысты сұрақ туындай бермейді. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу – үлкен табыс көзі. Біздің елде биліктен бастап, әртүрлі ұйым, жекелеген экобелсенділер қарапайым тұрмыста ғана емес, ірі және орта бизнеске қоқысты бөлек жинау мәдениетін енгізуге тырысып жатса да, нәтижесі әлі көңіл көншітпейді.
Медицина • 16 Наурыз, 2023
Екі күн қатарынан еліміздің оңтүстігінде алғаш рет Қазақстанның төрағалығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитеті Тұрақты комитетінің (ӨКТК) кезекті отырысы өтті. Алматыда өткен алқалы жиынға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мен Еуропаның 12 елінен келген ӨКТК мүшелері мен ДДҰ сарапшылары қатысты.
Кәсіпкер • 15 Наурыз, 2023
Алты ұлдың ортасында дүниеге келген Анардың тағдыры мен тағылымды тіршілігін ара-тұра көз шалып қалғаныммен, осы бір қайсар жан кейіпкеріме айналады деп ойлаған емеспін. Өйткені Анар Бексұлтан – Жамбыл облысының тұрғыны. Туғаннан қос қолы жоқ шебердің бала армандарын жүзеге асырып, адал еңбегімен құрметке бөленуіне ештеңе де кедергі келтіре алмағанына ризашылықпен қарап, сырттай тәнті болып жүретінбіз.
Қоғам • 13 Наурыз, 2023
Жолақы төлеуден жалтарғандар көп
Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «ONAY» жүйесі, төлем терминалдарының жұмысы мен жолақыны төлемейтін жолаушылар туралы кеңінен айтылды. Өйткені қоғамдық көліктерде жиі қайталанатын келеңсіз құбылыс бар. Автобусқа отырғандардың барлығы бір кісідей жолақыны төлей салмайды. Кейбірі тексерушілер кіргенде ғана телефонын шұқылай бастайды. Әсіресе, бұл жағдай мектеп оқушылары мен студенттер арасында жиі байқалады. Тексеріс болмаса, төлемей жүре береді.
Пікір • 09 Наурыз, 2023
Әне-міне дегенше әлемді гүлге бөлеген әйелдер мерекесі де өте шықты. «Ал енді бүкіл жыл бойы, келесі 8 наурызға дейін күнде Әкелер күні болады ғой, иә?» дейді үйдегілер қалжыңдап. Қарап отырсақ, ақиқатында солай емес пе?!
Медицина • 06 Наурыз, 2023
Коронавирусқа қарсы тұнба – көп аурудың емі
Мемлекеттік тұрғыдағы іргелі зерттеулердің біршама бөлігі Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтарында жүргізілетіні белгілі. Оның үстіне Үкіметтің қаулысымен университетке былтыр зерттеу университеті мәртебесі берілді. Мұның бәрі жетекші жоғары оқу орнына үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Бұл ретте университет жанындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығының атқарып отырған жұмысы ауқымды. Біз аталған орталықтың директоры Жанар ЖЕҢІСҚЫЗЫМЕН әңгімелескен едік.
Медицина • 03 Наурыз, 2023
Иммунитеттің басты «жауы» – күйзеліс
ДДҰ мәліметі бойынша адамдардың тек 10%-да ғана өзін ауру-сырқаудан қорғай алатын иммунитет бар. Тағы 10%-ы туабітті иммунитет тапшылығына ұшырағандықтан, бұлар өте жиі ауырып қалады. Халықтың қалған 80%-ында иммундық жүйесінің күші өмір салты мен әлеуметтік жағдайларына байланысты.