Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2483 материал табылды

Медицина • 17 Қараша, 2022

Мумбаидан келген хирург аяқ күретамырларына жаңа әдіспен төрт операция жасады

Қазіргі таңда ұдайы дамып келе жатқан медициналық технологиялар бірінші кезекте адам денсаулығына барынша зия­нын тигізбеуді көздейді. Сондықтан осы саланың өзгеріс­тері мен жаңалықтары тура­лы біліп, құлағдар болып отыру әрқай­сымыз үшін де өзекті.

Кино • 14 Қараша, 2022

Соғыстың жұрты

Егер ғайыптан тайып жолыңыз түсіп, осы күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылына бара қалсаңыз, өткен ғасырдан бүгінгі заманға топ етіп түсе қалғандай ескі ауыл­ды көресіз. Өйткені Ақши ауылының маңында белгілі режиссер Талғат Теменовтің «Қара қыз» атты әскери драмасының кезекті сюжеттері түсірілді.

Қазақстан • 14 Қараша, 2022

Климат өзгеруінің мұздақтарға әсері

Мамандар соңғы жылдары ауа райының өзгеріп бара жатқанын айтып, дабыл қағып келеді. Өкінішке қарай, «жаһандық жылыну», «климаттың өзгеруі» сынды терминдер қазір ешкімге де таңсық емес. Ал климат неге құбылады, осы мәселемен түпкілікті айналысып отырған мамандар оған қарсы тұра ала ма? Келеңсіз үдерісті баяулату үшін Жер шарының тұрғындары не істей алады?

Өнер • 13 Қараша, 2022

Жан тебіренткен «Жапон күзі»

Бұл күндері Алматыда «Жапон күзі» атты әлеуметтік-мәдени жоба жүріп жатыр. Алматылықтар 20 қарашаға дейін «Almaty Gallery» көркем галереясынан тегін көре алатын халықаралық мәдени оқиғаның басты қонағы – табиғи және техногендік апаттар, адам мен қоршаған ортаның байланысы сынды мәселелерді көтеріп келе жатқан белгілі жапон фотосуретшісі Шигеру Йошида.

Медицина • 11 Қараша, 2022

Көкірек қуысының кеселі

Екінің бірі демесек те, адам баласының екі пайызында кездесетін көкірек қуысы кеселдерін, яғни кеуденің шодырайып шығып кетуі, яки керісінше ішіне кіріп кетуін бүгінгі медицина қалай емдейді? Өйткені өкпе, қолқаны қысқан осынау дертпен дүниеге келгендер бар. Қалай десек те, денсаулығындағы дәл осы кінәратпен жүргендерге уақыт оздырмай операция жасатуға, емделуге тура келеді.

Қоғам • 08 Қараша, 2022

БҰҰ Даму бағдарламасы өңірлерде жастар хакатондарының легін бастады

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) SKILLS UP атты өңірлік жастар хакатондарының легін өткізуді бастады.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Бесіктегі буллинг

Әлі аузынан анасының сүті де кеппеген жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен әділетсіздік қалай пайда болады? Естіген адамның жаны түршігетін, түрме сияқты жабық мекемелерде, қылмыс әлемінде ғана орын алатын озбырлықты оң-солын танымаған мектеп оқушылары қайдан біледі?

Медицина • 02 Қараша, 2022

Сусамырды емдеудің озық үлгісі

Алматадағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Израильдің Тель-Авив Эндокриноло­гия, метаболикалық ауру­лар және диабетология инс­титутының басшысы, профес­сор Евгений Мошкович келді. Эндокринология саласының білгір сарапшысы осы сапарында еліміздің әр аймағы­нан келген эндокринологтер үшін «Эндокринология саласындағы диагностика мен емдеудің заманауи стандарттары» шеберлік дәрісін өткізді.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Бала несібесі

Бұл жолы «Ел үлесі – пәтерге» дейтін сауапты істің арқасында республика бойынша 609-баспана – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының тұрғыны, III топтағы мүгедек, 4 бала бағып отырған көпбалалы ана Сәуле Айдарбекқызына бұйырды.

Медицина • 31 Қазан, 2022

Альцгеймердің алдын алуға болады

Бұл күндері жасына жетпей жаңғалақтық, ұмытшақтық, дегбірсіздік сияқты ахуалға душар болғандар көбейген. Деменция, альцгеймер дейтін дертке шалдыққандар саны артып барады. Науқастардың басым бөлігінде осы кеселдердің белгілері анық байқалса да, денсаулығындағы кінәраттарға дер кезінде мән бермегендіктен, дәрігердің алдына шарасы қалмағанда бір-ақ барады.