Медицина • 02 Наурыз, 2023
Саңыраулық пен таскереңдікті емдеп жазуға бола ма?
Айта берсең, аурудың түрі көп-ақ. Алайда мына өмірдің мың құйқылжыған ғажайып дауысын, құстардың сайрағанын, керемет музыканың ойнағанын, анасының «айналайынын», әкесінің өбектегенін ести алмай өтетіндерден бөлек, мүлде құлақсыз туатын балалардың бар екенін білесіз бе? Сондықтан осынау мәселелерге қоғам мен құзырлы орындардың назарын аудару үшін жыл сайын 3 наурызда Дүниежүзілік құлақ саулығы және есту қабілетін қорғау күні аталып өтеді.
Денсаулық • 01 Наурыз, 2023
Орфандық науқастарға алғашқы операция жасалды
Әрбір он мың адамның біреуінде ғана кездесетін кеселдер бар. Алайда соған қарамастан сирек кездесетін дерттердің түрі тіпті көп, әлемде тұқым қуалайтын орфандық аурулардың 7 мыңнан аса түрі табылады. Оның ішінде медицина тіліндегі «буллезды эпидермолиз» дейтін туабітті тері кеселі көбінесе «Көбелек ауруы» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, науқастың терісі көбелек қанаты іспетті үлбіреп әрі күлдіреп, қышып, қабыршақтанып тұрады. Өмір бойы күтімді қажет ететін күлдіреген жаралар тіпті, болымсыз жарақаттардан да, кейде өздігінен пайда бола береді.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2023
Көктем шуағымен ілесіп сонау Мысыр елінен, Каир шаһарынан ыстық ықылас, ізгі ілтипатқа шомылған, ішінде дұғай-дұғай сәлемі мен алғысы бар ақпарат келіп жетті. Мұның да өзіндік мәні бар. 1 наурыз – көктемнің алғашқы күнінде Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады. Бұл мерекеден ел мен елді елдестіретін елшіліктер де қалыс қалмай отыр.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2023
«Қауіпсіздік Академиясы» кибербуллингке қарсы жобаны қайта іске қосты
Бүгінгі таңда буллинг пен онлайн-қудалау – бүкіл әлемді ойлантып отырған өзекті мәселелердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 23 Ақпан, 2023
Құлантаза айығу қолыңыздан келеді: Елімізде туберкулез эпидемиясы толық тоқтады
Адамзаттың қыр соңынан қалмай келе жатқан аурудың бірі туберкулез болғанымен, бүгінде одан құлантаза айығуға болатынын жұрт біледі. Мәселен, отандық фтизиопульмонологтер кейінгі 5 жылда 53 мыңдай науқасты ажалдан арашалап қалған. Алайда осы кеселді емдеу барысында бірқатар түйткіл бар екен.
Медицина • 19 Ақпан, 2023
Неонтолог-дәрігерлер біліктілікті көтерудің онлайн форматын таңдап отыр
Соңғы екі жылда еліміздегі жүздеген неонатолог-дәрігер біліктілікті көтерудің онлайн-форматын таңдаған. Алғашқы онлайн-платформаны құруға «AYALA онлайн-академиясы» ұйытқы болып отыр. 2021 жылдың ақпанынан берітегін бейне-курстары бар платформада Қазақстанның түкпір-түкпірінен 667 дәрігер тіркелсе, бүгінде 117 дәрігер курстардан толық өткені туралы сертификат алды.
Сауда • 17 Ақпан, 2023
Маркетплейстер тауарлардың сапасыз көшірмесін қалай өткізеді?
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың арқасында айшылық алыс жерде тұрған тауарды үйіңізден шықпай-ақ сатып алуға болады. Дегенмен кейде көрмей сатып алғанның жақсы жақтарымен қоса, жағымсыз жақтары да бар. Қысқасы, қандай да бір затты көрмей сатып алу дегеніміз не? Яки болмаса, маркетплейстер отандастарымызға сапасыз заттарды қалай өткізе алады?
Денсаулық • 16 Ақпан, 2023
Тоқсан дейтін жастан асса да, ақыл-есінен адаспай, алжымай отыратын сүйегі асыл кісілер бар. Керісінше, бүгінде өрімдей жас адамдардың қазір айтқанын қазір ұмытып, қойған затын таба алмай абдырап жүретінін жиі көретін болдық. Ұмытшақтық, ой жинақтай алмау жастарға да тән болып барады. Келмей қоймайтын қарттыққа қарсы айла жоқ болса да, кей адамдардың жасына жетпей алжуы арнайы зерттеліп келеді.
Қоғам • 15 Ақпан, 2023
Техникалық реттеу тәртібін бұзғандар көп
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қалалық департаменті өткен жылы өз құзыреті шеңберінде 500 рет тексеру жүргізген. Оның ішінде 39 нысанға арнайы барып профилактикалық бақылау мен қадағалау жасаса, 415 нысанға сырттай және 46 нысанға жоспардан тыс тексерулер жасаған.
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
Қазақстандықтар Түркияға белсенді көмек көрсетіп жатыр
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетіп жатыр.