Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
254 материал табылды

Әдебиет • 05 Наурыз, 2023

Арыстар туралы атаулы еңбек

Наурыздың 5 жұлдызы ұлт көсемі, Алаш арысы Әлихан Нұрмұхамедұлы туғаны, бәлен жыл өткенде Сталиннің дәл осы күні өлгені тарихи факт. Ал кезінде Қарағандыдағы Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан есіміне ресми берілген 13 желтоқсан – дүниеге Алашорда үкіметі келген күн. Мұны сол кездегі билік басындағылар біліп-білмей істегенінен хабарымыз жоқ. Алайда кеше, 5 наурыз – Алаш арысы туған күні Астанадағы музыкалық жас көрермендер театрында көрермендерге жол тартқан «Әлихан Бөкейхан – ұлт азаттық күрескері» деректі фильмі біз үшін жаңалық болды.

Өнер • 23 Ақпан, 2023

Қазақ симфониясы

Қазақ музыкасы, әсіресе күй өнеріне жаңаша көзқарас, байыптау керек пе екен әлде? Бұл сөз бұған дейін де талай рет айтылып, жазылған. Мүмкін алғашқы қадамдар жасалып жатқан да шығар, кім біледі... Алайда біз күй тыңдап, ол туралы әдебиеттерді оқыған сайын әлгіндей ойға ат шалдырамыз. «Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...» (М.Мақатаев) деген кереметке оранамыз да қаламыз. Бұл ойымызды әдебиеттегі небір ғажап қисындар орнықтыра түседі. Қызығушылығымызды арттырады.

Қазақстан • 19 Ақпан, 2023

Қазақияны таңбалаған карталар

Даламызға кітап болып Брюссельден жеткен осы жаңа­лық кімді болсын бейжай қалдырмайды. Бұл тарихи, геогра­фиялық, тағы да басқа ғылыми мәні өз алдына, үлкен ­саяси мәнге де ие.

Әдебиет • 15 Ақпан, 2023

Тұншығып өлген қаршыға

Бабы келген кемел туындылар болады. Асқан білгірлікпен, талғампаздықпен қалыпталғаны өз алдына, байыптап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен адам емес, құдірет дерсіз. Таңдап алған тақырыбының иін қандырып, суын сығып, сөлі мен нәрін әкеп құя салады кеудеңе. Байыптап үлгермей де қаласыз. Себебі бастаған бойда бір деммен оқып шығасыз да, құмарың қанбай қайта парақтап, ұңғыл-шұңғылын тағы бір мәрте сүзіп шығасың. Әсіресе Тәкен Әлімқұлдың «Көк қаршыға» әңгімесін оқығанда әлгіндей әсер алдық. Жалпы Тәкеннің ән-күйі туралы әңгіме, повестері – атап айтарлық соқталы дүниелер.

Әдебиет • 14 Ақпан, 2023

Табыттың тақсіреті

Адамзаттың алтын бесігі Алтай, бәлкім, алтын тау, қалай атаса да жарасады. Сақ, ғұн, түріктен қазақ шыққан атажұртымыздың қойын-қонышы бүгінде иен жатқанын білеміз. Ондағы Бөкенбай тауы, Ақсөңке сайы, Қыранжартас үңгірі, Былғары табыт обасы мен Азутау шыңы, Марқакөлді, Қалжыр мен Шүмек өзендерін Астанада отырып қалай таныдық? Жазушы Асқар Алтайдың «Былғары табыт» романынан ұшыраттық. Жердің жайы өз алдына, сол топыраққа қоныстанған жұрт, олармен астаналықтардың қатынасы арқылы өзін танудан қалған қайран қазақтың бүгіні мен болашағын бағамдайсыз. Қайран деген сөздің соңында өкініш бар...

Әдебиет • 06 Ақпан, 2023

Мәңгіліктің елесі

Батырлар, балуандар, күрескерлер ғана ұстап тұра ма ұлттың рухын? Олар халықтың рухын көтеретініне дау жоқ, әрине. Ал негізгі рухтың алтын жүлгесін ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – ақындар һәм басқа да сөз иелері. Батырлар жырынан бастап, жыраулар поэзиясынан бүгінге дейін көшкен ұлт болмысының мәйегі баяғыда ұмытылып кеткен немесе тарихта аты қалған ақын жырларында тұрады. Топырағына біткен жусандай, танауыңа апарсаң қышқылтым иісі ұйқысыраған ақыл-есіңді оятпаса, далада өскен қазақ жыр екен демейді. Иран-Ғайып, Иранбек Оразбаевтың кейбір туындыларындай шамырқанып, ытырынып тұрмаса.

Әдебиет • 01 Ақпан, 2023

Жолбарыс жымы

Қазақ даласында жолбарыс жортқан. Жолбарыстай жігіттер болған, әйт­песе Жолбарыс деп ат қоя ма баласына? Онымен аттас хан да бар тарихта. Мұның бәрі жаңалық болмауы мүмкін зерделіге. Ал жалаң қолмен жолбарыс соққандар туралы әңгіме бөлек. Оқысаңыз да, тың­дасаңыз да жалықпайсыз. Сіз бірден Мұх­тар Мағауиннің «Шақан-Шері» романын айтарсыз. Біз де соны атаймыз. Ол – теңдессіз шығарма. Алайда жолбарыс жайлы жазған тағы бір автор – ақын-жазушы Сапарғали Бегалин, «Тайатқан тауынан табылыпты» атты әңгімесінен ұшырастық.

Жәдігер • 01 Ақпан, 2023

Жәдігер болып жеткен алғыс

Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында тұрған бұл жәдігер Қазақстанға Украинадан жеткен.

Әдебиет • 30 Қаңтар, 2023

Сұлтанмахмұт жеңісі

Абай дүниеге өзімен бірге бүтін бір дәуірдің жаңа бастауын ала келді. Өзгеше пайым, жаңаша ойлау жүйесін қалыптағаны көрінеді. Қазақ әдебиетін уақыт тұрғысынан саралап, салмағы мен қуатына үңілгенде, Абайға дейінгі және Абайдан кейінгі болып бөлінетінінің өзі көп жайды аңғартады. Өміріңді жаңа арнаға бұру үшін әуелі ойыңды өзгерт демей ме?

Әдебиет • 26 Қаңтар, 2023

Сені осылай сүйемін