Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
254 материал табылды

Қазақстан • 15 Маусым, 2022

Шәмшіге құрмет – елге құрмет

«Тұранды мақтамаймын тіпті текке, Онсыз да Тұран мәлім талай шетке» (Мағжан) демекші, халық көкке көтерген есімді билік одан әрі асқақтатқаны қандай келісті, қандай жарасымды! Кешелі бері «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгені туралы хабар ел ішіне жарықтың жылдамдығымен тарады. Халық әлдеқашан мойындап, жүрегіне ұялатқан екі қазақ болса, соның бірі – Шәмші.

Әдебиет • 15 Маусым, 2022

Жарасқандай жырлау қайда?..

Елдің бәрі Жарасқанның эпиграммаларын айтады. Мен оның «Ақ бұлақтары» мен «Ақын кетіп барады көшеменен», «Портфель», «Ақырғы өлеңін» айтқым келеді. Жұрттың бәрі басын шайқап тыңдайтын «Кенже баласын» қайда қоясыз?

Өнер • 14 Маусым, 2022

Ажалдан құтқарған ән

«Дос-Мұқасан» десе «Той жыры», «Той жыры» десе «Дос-Мұқасан»... Әрине, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасанның» көкжиегін жалғыз әнге байлап қоюға болмайды. Қаншама халық әні мен ұлт композиторларының шығармаларын шырқаған әйгілі қазақ эстрадалық вокалды аспаптар ансамблінің атын шығарған әндер жетеді. Олар орындаған халық әндері арасынан «Он алты қызды» атаса да жеткілікті шығар. Ал авторлық әндері дегенде әуелі «Той жырына» тоқталмай кете алмаймыз.

Руханият • 13 Маусым, 2022

Таптай берсең, түк қалмайды...

Қарақат та бүлдірген сияқты, шілде­нің ыстығымен толысып, дөңгеленіп, тамыздың басында піседі де, сол уа­қытта термесең, ағып түседі. Бүл­дір­ген тіпті ерте, көктемде толысып, жаз­дың алғашқы ыстықтарында ағып кетеді. Біздің көргеніміз қой қарақат, аю қарақат екені белгісіз, әйтеуір Сарысу өзенін қиып, Нұраға бет алған теміржол бойындағы майда талдарда жыпырлап өсетінін білеміз. Екі ауылды тойдыратын: Өспенді де, Жарықты да. Екі ауыл ел боп теретін тамыздың басында. Осыдан жиыр­ма жыл бұрын сондай еді.

Өнер • 09 Маусым, 2022

Үкілі үміт

Он минут береді, небәрі он-ақ минут. Сол он минутта тұтас опералық шығарманы қойып шығу деген... Не айтқың келді, көрсететін құбылыстарды қалай жеткізесіз, бәрін он минутқа сыйдырып жібере аласыз ба, жоқ па? Сыйдыра алмасаңыз қош айтысасыз. Жалпы, опера режиссері дегенді сіз естігенсіз бе? Бұл кәдімгі драма, кино режиссері емес. Опера өнердегі барлық жанрдың синтезі болғандықтан, Қазақстанда жалғыз, әлемде саусақпен санарлық қана екен олар.

Тарих • 07 Маусым, 2022

Тұранның соңғы көкжалы

Кенесары хан дегенде тарих қана емес, қазақ азаттығы мен тұтастығы, мемлекеттілігі мен рухы қатар жүреді. Тұран даласында өткен Шыңғыс, Жошы бастаған ұлы хандардың соңы Кененің тағдыр-талайы қандай қияпатты болса, рух көтерген алапаты соншалықты болғаны осы жолы да бір мәрте қылаң бергендей.

Тарих • 02 Маусым, 2022

Ол баста солай туған ту көтеріп...

Отырардан көшкен озан, Атыраудан шыққан ұзан. Озан – дауыс, үн болса, ұзан – көне түркі, қыпшақ тілінде ақын, жырау. Озан иесі мен сөз иесі ұзан Алматыда түйіседі сол жылдары. 1950 жылдың соңы, 1960-қа аяқ басқалы тұрғанда.

Руханият • 02 Маусым, 2022

Далалық сүю

Иә, өлең сендірмесе өлең емес. Көркем дүние сендірмек түгілі, жаныңды елжіретіп, жүрегіңе сіңіріп жібереді айтылмыш дүниені. Жоққа сендіріп, ғайыпқа иландырып қояды. Иланбақ былай тұрсын, сол сезіммен рухын шынықтырып, өмір сүріп кететіндер де болады.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Қымыз қайда, қазақ қайда?..

Қазақ үшін дәм де, дәрі де, сусын да, ем де қымыз. Дәрі болған соң өмірінің мәні қымыз екені айтпаса да белгілі. Сондықтан тарихын термелей бермей, осы жолы қадірлі асымыз неге нарықта жаппай сатылымда жоқ, соған бас қатырамыз.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Адамзат тарихының азалы күйі

Адам баласының аза бойын қаза қылатын тарихтағы қасіретті таңба – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының жазықсыз тағдыры. 1920-1950 жылдар аралығындағы зұлмат пен зобалаң, нәубет пен кесапат тарих бетін жусаң кетпейтін қызыл қанға бояп, адамзат санасына ақтаңдағын қалдырып кетті. Қазақстан халықтар түрмесіне айналып, миллиондаған тағдырлар жер аударылды.