Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2023
«Күй алды Бақанастың қара өзегін,Дауылдай бұрқыратып ебелегін,Қара жер қалқып барып қата қалды,Саймақтың суырғанда «Сары өзенін», демей ме қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров.
Басылым • 21 Қыркүйек, 2023
Ақын Болат Үсенбаевтың кезекті жыр кітабы қолымызға тиді. Бұл жолғысы «Тәуелсіздік деген не?» аталыпты. Балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер топтастырылған жинақ мемлекеттік тапсырыспен былтыр шығыпты.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Меценат.кз» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты, жазушы, публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесер рәсімі жасалды. Онда автордың аталған шығармасы жан-жақты талданып, әдебиетшілер мен сыншылар пікір бөлісті.
Мәдениет • 18 Қыркүйек, 2023
Қыркүйектің 13-17 аралығында елорданың 25 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Silk Way Creative Games» XIV Ұлттық дельфий ойындары өтті. Оған фортепиано, скрипка, академиялық ән, халық аспаптары, халық әні, эстрадалық ән, халық биі, заманауи би, фотография, киім дизайны, көркем оқу, театр өнері, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, ым-ишара тілінде ән айту сынды барлығы 15 аталым бойынша 10-25 жас аралығында 500-ден астам өнерпаз қатысты. Бұл 500 өнерпаздың әрқайсы 30 сәуір мен 5 қыркүйек аралығында еліміздің 17 облысында Ұлттық дельфий комитеті өткізген өңірлік іріктеу турларының үздіктері.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2023
Бір нәзік сәуледен басталған...
«Өңімде ме еді, түсімде ме еді?» деп майданнан Қасымның дауысы естілгенде елеңдемеген құлақ аз көрінеді. Майдан хаттары, ұрыс даласынан жеткен рухқа толы жазбалар, мөлтек сырлар кімдердің назарын аудармаған? Ол кезде қазіргідей тоқшылық жоқ, кеуделерді кекірттік алмаған. Бір-біріне сүйенісіп өмір сүрген тағдырлардың жан сарайында мейірімнен басқа не болсын? Сондай сынық көңіл, жетім жүрек жандардың көкірек көзін ашып, болмашы болса да сәуле түсіріп, шуақ шашқаннан артық не қасиет керек?
Кино • 10 Қыркүйек, 2023
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының желісімен түсірілген режиссер Болат Мансұровтың «Құлагер» фильмінде небір сұмдықтар орын алмай ма? Жамбы атам деп жалп еткізіп сұңқар яки бір құс атып түсіргенді жорыған Бағдаттан келген дәруіш дейсіз бе, үнемі жырқ-жырқ етіп алысып үретін сайқымазақ па, әйтеуір көп-ақ.
Басылым • 06 Қыркүйек, 2023
Әркім жақсылық пен жамандықтың қай-қайсынан болсын ой түйіп, қорытынды шығарып, оң қадамға иек артса, қоғамдық даму қарыштайтынына сеніп өмір сүру үшін де үлкен жүрек иесі болу керек шығар. Баспадан («Фолиант») биыл ғана шыққан, тіпті сиясы кеуіп үлгермеген «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітапты бір қарап шыққанда солай ойладық.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2023
Төрт тілде шыққан таңдамалы мұра
Ана тіліміз Абайдан Ахмет Байтұрсынұлына аманатталып, ұлт ұстазы төрт құбыласын тең етіп, тіл білімін негіздеп, жазу емлесін қалыптап, мінекейіңіз деп бізге ұсынып кетті. Былтыр Ақаңның 150 жылдық мерейтойы аясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен таңдамалы шығармалары алғаш рет төрт тілде басылып шықты. Атап айтқанда, түрік, ағылшын, орыс тілдеріне аударылды. Мұндай орасан еңбекті қолға алып, абыроймен атқарып шыққан аталған орталықтың өкілдері және аудармашыларымен аз-кем сөйлескен едік.
Әдебиет • 03 Қыркүйек, 2023
Абайдың «Сен мені не етесің?» деп басталатын өлеңі бар. Бұл туралы небір сыншы, ақын-жазушылар қалам тербеді. Солардың арасынан бізге ұнайтыны – Таласбек Әсемқұловтың «Абайдың ұлы жұмбағы» мақаласы. Онда хакімнің өлеңін «тәпсірлеген» автор сүйе алмаған жүректің жан азабын айтады.
Мәдениет • 24 Тамыз, 2023
Әр туындының дүниеге келуі, алғаш айтылуы немесе оқылып, орындалуы, ел ішіне таралуы, автордың иелігінен «ауа жайылып» шығып, жеке дара ғұмыр кешуі өз алдына бөлек әңгіме. Әңгіме, повесть, тіпті роман, поэмаларға арқау болып жататындары да аз емес. Тууы, өмір сүруі бар да ондай жауһар дүниелер өміршең. Тіпті авторы ұмытылып кеткен қаншама өлең халық әні ретінде орындалып жүргенін жақсы білеміз.