Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2022
Kazmedia Voltman қарсылас шақ келтірмеді
Таразда қала күніне орай шағын футболдан TARAZ CUP турнирі ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері бас қосқан аламанға Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жетісу облыстарының, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының журналистерінен құралған командалар қатысып, өзара үздікті анықтады.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022
Қоқыс ортасында қалған елді мекен
Қоқыс қай жақта да бар. Бірақ Байзақ ауданындағы ағайын қолқаны қапқан иістен әбден зәрезап болған. Өртенген қоқыстан шыққан түтінге тұншыққан халықтың жергілікті атқарушы билікке деген өкпесі қара қазандай. «Қусақ-2» ауылының тұрғындары 13 гектар аумақты алып жатқан қоқыс полигонынан қашып келген қаңғыбас иттерден де шаршағанын айтады.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2022
Студенттер үйі пайдалануға берілді
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу өңірі халқының саны жөнінен облыстағы ең ірі аудандардың бірі саналады. Содан да болса керек, ауданға студенттер үйінің керектігі жиі айтылып жүретін. Көптен бері жұрттың көкейінде жүрген мәселе оңынан шешімін тауып, жаңа нысан есігі айқара ашылды.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Айтыс ақыны Әзімбек Жанқұлиевтің сахнадағы өнері халықтың жүрегінде сақталған. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен тұлғаның әуені мен тапқырлығы жұрт жадынан ешқашан өшпек емес.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Қару тапсырғандар қомақты қаржы алды
Еліміз бойынша тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы Жамбыл облысында да қарқынды түрде жүргізіліп, бірер күн бұрын іс-шара толық аяқталды. Акцияның басты мақсаты – атыс қаруын қолданумен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы мақсатта Жамбыл өңірі үшін республикалық бюджеттен 10 млн 404 мың теңге бөлінген.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Жамбылдық жұрт жарық үшін қырғыздардың қабағын бағып, арқасынан қағып отыр. Қарапайым халық тұтынған электр қуаты үшін әрі кетсе 3-5 мың теңге төлесе, Меркі ауданына қарасты Жауғаш батыр ауылының тұрғындары 15-20 мың теңгенің аралығында ақы төлеуге мәжбүр. Осылайша, қазақ ауылының тұрғындары электр қуатын Қырғыз Республикасынан алуға мәжбүр.
Таным • 20 Қыркүйек, 2022
Күреңбелде сақталған насыбайкелі
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғасырлар арасын жалғап тұрған көне жәдігерлер көп. Олардың біразы көне шаһарда әр жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған болса, бірқатары кездейсоқ жағдайда қолға түскен. Солардың бірі – насыбайкелі.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022
Қазақ халқының дарабоз перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Меркі жерінде сән-салтанатымен аталып өтті. Елдік деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі, қаламгер Мәлік Отарбаев арнайы қатысып, Президенттің құттықтауын жеткізді.
Бокс • 17 Қыркүйек, 2022
Кәсіпқой бокс әлемінде трилогия түгілі, төрт мәрте шаршы алаңда өзара кім мықтыны анықтаған былғары қолғап шеберлері бар. Мәселен, сегіз салмақта топ жарған филиппиндік Мэнни Пакьяо мен Хуан Мануэль Маркес арасындағы төрт шайқастың екеуінде Мэнни басым түссе, бір кездесуде Маркестің мерейі үстем болған. Ал тағы бір жекпе-жекте тең нәтиже тіркелген еді...
Руханият • 15 Қыркүйек, 2022
Тағдырының талқаны ерте таусылған таланттар аз емес. Кісі сөзінде кие бар екендігіне де талас жоқ. Кейде сандардан сыр іздеу қажет пе деп те ойлайсың. Николай Гумилев түсін жорығанда неге өліммен сабақтастырды екен? Ол түсінде 3 және 5 сандарын көрді. Онысын әйгілі ақын, жары Анна Ахматоваға былай деп әңгімелейді: «3 және 5 сандары тағдырыммен байланысты. Мен не 35 не 53 жасымда дүниеден көшетін шығармын». Ол расында да 35 жасында бақилық болды.