Пікір • 12 Қыркүйек, 2023
Сәбиімізді аулаға алып шыққанда көпқабатты үйдегі көрші балалармен таныса бастадық. 9-11 жастағы балалар бөпемізді қызықтай ма, әлде өздеріне көңіл бөліп әңгімелескенді ұната ма, әйтеуір маңайымызға жинала қалады. Олардың кейбір ойлары кәдімгідей ойландырады.
Мәселе • 07 Қыркүйек, 2023
Биылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарының барлығын жатақханадағы орынмен қамтамасыз етуді көздейтін «Білім туралы» заңның жаңа редакциясы күшіне енді. Жаңа заңнамаға сәйкес, оқу орындары осы айдан бастап студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті. Соған қарамастан елімізде 23 мыңнан аса студентке жатақханада орын жетіспейді.
Жастар • 06 Қыркүйек, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірнеше студенті арнайы грантқа ие болды. Іріктелген ізденушілерге білімін тегін жалғастыруға сол университеттің түлегі мүмкіндік сыйлап отыр.
Білім • 06 Қыркүйек, 2023
Өзгертілген бұйрық. Алты күндік оқуға көшірген кім?
Білім күні жарияланған «Жаңа оқу жылының жаңа сипаты» атты материалымызда оқу жылы ұзақтығының бұрынғы қалпына келуіне байланысты 5 күндік оқу аптасы сақталатынын жазғанбыз. Өйткені жауапты министрлік ресми түрде солай хабарлаған еді. Ал еліміздің кейбір өңірінде ата-аналар 6 күндік оқу аптасына көшкеніне шағымданып жатыр. Сонда бұл қалай болғаны?
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Білім күніне орай елімізде 39 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жаңадан ашылған оқу ордалары 55 мың оқушыға арналған. Ал жыл соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Білім • 01 Қыркүйек, 2023
Аңқыған жұпар гүлімен ұстаздарын бірінші қыркүйек күнімен құттықтауға асыққан оқушылар, бірін-бірі сағынысқан сыныптастар, әліппесін құшақтауға асық балдырғандар, жоғары сыныпқа қадам басқанына қуанған жеткіншектер, ыстық ұядағы соңғы оқу жылын өткізуге жүрегі лүпілдеп жаныққан бітірушілер, білім әлеміндегі үлкен өмірге қадам басқан студенттер – бәрі-бәрі жаңа білім, жарқын болашақ іздеп оқу ордаларына асығып барады. Өйткені бүгін – Білім күні!
Білім • 08 Қыркүйек, 2022
Жатақхана зәрулігі: Студенттер білім емес, тұратын жер іздеп жүр
Өйткені студенттік жатақханаларда орын тапшы. Мегаполистердегі студенттер қымбат пәтерлерді жалға алуға мәжбүр болса, өңірдегілер ондайды да таппай әлек. Кей университеттер барлық студентін кереует орынмен қамтыған. Демек мәселені шешуге болады ғой деп ойлайсыз. Бірақ жатақханадан орын бере алмай отырған жоғары оқу орындарының өз уәжі бар. Ал Президент осы айдың басында ғана жариялаған Жолдауында мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт екенін айтты.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022
Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Біртұтас ұлт: сапа және инклюзивті өсім негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған еліміздің ғылыми-сарапшылар қауымдастығының өкілдері, республикалық және қалалық жастар ұйымдарының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.
Білім • 02 Қыркүйек, 2022
Жаңа оқу жылы басталды. Күні кеше Қазақстандағы 7,6 мың мектепте 3,7 млн оқушыға қоңырау соғылды. Соның ішінде білім әлеміне қадам басқан 400 мың 1-сынып оқушысы мен мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн болғандай. Жаңа оқу жылында мектепке алғаш қадам басқандар мен биыл алтын ұямен қоштасатын оқушыларды, сондай-ақ оқу ошақтарын жаңа өзгерістер күтіп тұр.
Білім • 01 Қыркүйек, 2022
Бүгін – мереке. Бүгін – Білім күні. Қолындағы бір тал гүлін дүрсілдеген жүрегіне жақын ұстап мектепке аяңдаған бүгінгі әм бұрынғы оқушы бәріміздің көз алдымызда. Емін-еркін, бетпердесіз, карантиндік шектеусіз басталған биылғы жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі бар.