Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3418 материал табылды

Бокс • 11 Қараша, 2021

Жанға жанкүйер болайық!

20 қарашада Германияның Гамбург қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста қазақстандық Жан Ко­со­буцкий өзінің кезекті жекпе-жегіне шы­ғады.

Спорт • 11 Қараша, 2021

Әлемдік дода Хьюстонда өтеді

23-29 қараша аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел тенни­сінен әлем чемпионатының жалауы жел­бірейді.

Спорт • 10 Қараша, 2021

Ташкентті таңдандыра алсақ игі

12-14 қараша күндері Өзбекстанның бас шаһары – Таш­кентте самбодан әлем чемпионатының жалауы жел­бірей­ді. Негізі бұл жарыс Мәскеуде ұйымдастырылуға тиіс еді. Алайда Спорттық арбитраждық соты (CAS) белгілі себептерге байланысты дүбірлі доданы Ресейдің астанасында өткізуге рұқсат бермеді. Сол сәтте өзбек ағайындарымыз алғырлық танытты. Олар төрткүл дүниенің ең таңдаулы балуандары бас қосатын жарысты өз елінде өткізуге бірден ниет білдірді. Халықаралық самбо федерациясы (FIAS) олардың бұл ұсынысын құптады.

Спорт • 10 Қараша, 2021

Толағайлар тартысы

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақ­стан чемпионаты басталды. Бұл бә­секелерде еліміздің ең мықты зілте­міршілері бақ сынап жатыр.

Спорт • 10 Қараша, 2021

Табысты өнер көрсетті

Татарстанның Қазан қаласында үстел теннисінен Ресейдің ашық коман­далық чемпионатының бірінші туры аяқталды.

Футбол • 10 Қараша, 2021

Марқасқа Марадона

Осыдан дәл 20 жыл бұрын, яғни 2001 жылдың 11 қарашасында Буэнос-Ай­рестегі «Бомбонера» стадионында атақты аргентиналық футболшы Диего Марадона қоштасу матчын өткізді.

Теннис • 10 Қараша, 2021

Керберді ұтуға әлеуетіміз жете ме?

Күні кеше Чехияның астанасы – Прагада теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогының финалдық сайысы аяқталды. Ақтық сында Ресей мен Швейцария құрамалары күш сынасып, бұл бәсеке 2:0 есебімен алғашқылардың пайдасынан шешілді. Шешуші тұста Дарья Касаткина Джил Тайхманды тізе бүктірсе, Людмила Самсонова Белинда Бенчичтен басым түсті. Ал келесі жылы жерлестерімізге осы мәртебелі жарыста өнер көрсетуге тамаша мүмкіндік туып отыр.

Футбол • 09 Қараша, 2021

Ірі есептер тіркелді

Өткен аптаның аяғында футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жартылай финалдық ойындары басталды. Алғашқы екі бәсеке Нұр-Сұлтанда өтті.

Спорт • 09 Қараша, 2021

Күміспен оралды

Словенияның Лашко қаласында үстел теннисінен WTT Contender сериясына жататын ірі халықаралық турнир аяқталды.

Спорт • 09 Қараша, 2021

Абу-Дабиде айқасады

16-21 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу Да­биде ка­ратэден (WKF) әлем чемпио­наты өте­ді. Оған 117 мемлекеттен келген 1 мың­­нан аса спортшы қа­ты­сады.