Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 06 Қыркүйек, 2021

Велошабандоздардың «Вуэльта» додасы аяқталды

Үш аптадан аса уақытқа созылған «Вуэльта» көпкүндігі өз мәресіне жетіп, бұл бәсекеде Примож Рогличтің бақ жұлдызы жанды.  

Спорт • 01 Қыркүйек, 2021

Суоми еліндегі сайыс

Осыдан 40 жыл бұрын – 1981 жылдың мамырында Финлян­дия­ның Тампере қаласында бокстан Еуропа чемпионаты өтті. Бұл жарыс КСРО құрамасының айқын жеңісімен аяқталды. Сарапқа салынған 12 бас жүлденің сегізін айтулы мемлекеттің өрендері олжалады. Солардың қатарында Алаштың мақтан тұтар ұлы Серік Қонақбаев та болды.    

Спорт • 30 Тамыз, 2021

АҚШ-та атой салған

Күні кеше ғана Охлахома-Сити қаласында ескек есуден АҚШ-тың ашық чемпионаты аяқталды. Әлемнің бірқатар мемлекетінен келген сақа спортшылардың басын қосқан дүбірлі додада тұңғыш рет Қазақстанның өрені өнер көрсетті. Ол – 21 жастағы Әнуар Ақчурин.

Спорт • 27 Тамыз, 2021

АҚШ-та атой салған Әнуар

Күні кеше ғана Охлахома-Сити қаласында ескек есуден АҚШ-тың ашық чемпионаты аяқталды. Әлемнің бірқатар мемлекеттерінен келген сақа спортшылардың басын қосқан дүбірлі додада тұңғыш рет Қазақстанның өрені өнер көрсетті. Ол – 21 жастағы Әнуар Ақчурин. Бір айта кетерлігі, жерлесіміз осы жарысқа қатысып қана қоймай, өзінің өрелі өнерімен америкалық жанкүйерлерді қуантты.  

Спорт • 24 Тамыз, 2021

Әнуар Ақчурин ескек есуден АҚШ біріншілігінде топ жарды

Бұл күндері АҚШ-тың Охлахома-Сити қаласында ескек есуден аталмыш мемлекеттің ашық чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы жарыста қазақстандық спортшы Әнуар Ақчурин қос күміс медальді иеленді.

Спорт • 23 Тамыз, 2021

Ұлттық құрамаға кәсіпқойларды шақыртудың қажеті жоқ

Таяуда атақты бапкер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали ЕДІЛОВПЕН әңгімелесудің сәті түсті. Айтулы маманның тұсында отандық былғары қолғап шеберлері Олимпия ойындары тарихында өздерінің ең зор көрсеткішіне қол жеткізгені мәлім.

Бокс • 18 Тамыз, 2021

Әлиді азулы қарсылас күтіп тұр

Екінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовті алдағы күндері тағы бір аса ауыр сынақ күтіп тұр. Жерлесіміз 25 жастағы гватемалалық боксшы Лестер Мартинеспен кездеседі. Осы спорт түріндегі мансабын бастағанына екі жылдан енді ғана асқанына қарамастан, Әлидің қарсыласының есімі ерекше құрметпен аталады.

TOKYO2020 • 12 Тамыз, 2021

Дзюдо күресінен үлгі алатын елдер бар

Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошылар еді. 60 кило салмақта күш сынасқан Елдос Сметов бастапқы бәсекелерде түркиялық Мирхак Аққұс пен кореялық Ким Вон Жиді жеңгенімен, жартылай финалда Жапонияның жұлдызы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Наохиса Такатоға есе жіберді. Есесіне одан кейін нидерландық Торнике Чакадуады шаң қаптырып, қола медальді мойнында жарқыратты. Қатарынан екі бірдей Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген Елдосқа сол сәтте барша Алаш жұрты ақ алғысын жаудырды.   

Спорт • 11 Тамыз, 2021

Токиода түгелдей дерлік ұтылдық. Неге?

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында сүреңсіз өнер көрсетті. Оған ешкім дауласа қоймас деп ойлаймыз. Себебі Күншығыс еліне сапар шеккен 11 балуанның тек біреуінің ғана жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетті. Ол – Нұрислам Санаев. Ал қалғандары тегістей ұтылды. Шындықтың бетіне тура қарайтын болсақ, Санаев өз еліміздің төл түлегі емес, Ресейден келген легионер екені баршаға мәлім. Сол жақта күрес өнерінің қыр-сырына қанығып, мықты спортшы ретінде қалыптасты. Міне, осы жайттың өзі-ақ елімізде балуандық өнердің тұралап қалғанын байқатса керек.

TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Лопес – төрт дүркін Олимпиада чемпионы

Талай жылдан бері төрткүл дүние жұртшылығын теңдессіз өнерімен тамсандырып жүрген тұлғалардың барлығы дерлік Токиода алауы тұтанған XXXII жазғы Олимпия ойындарында бас қосты. Міне, сондай сүйегі асыл, рухы биік, шеберлік деңгейі шарықтау шегіне жетіп, атақ-даңқы алысқа тараған азаматтардың бірі – «Кубаның қара нары» атанған грек-рим күресінің хас шебері Михаин Лопес. Жапонияның бас шаһарында өтіп жатқан жарыста жер-жаһан жанкүйерлерінің назары дәп осы апайтөске ауғаны сөзсіз. Оның өзіндік себебі де бар.