Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Күрес • 27 Сәуір, 2021

Самбоның академигі

Өткен аптада еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Керей Қойшыбектің қайтыс болғаны туралы жайсыз хабар жетті. Қазақ спортының ардагері 74 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қош айтысты. Аталған азаматтың осы саланың дамуына, әсіресе самбо күресінің кең-байтақ республикамызда кеңінен құлаш жайып, оның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі орасан зор екені еш дау туғызбайды.

Күрес • 26 Сәуір, 2021

Балуандар Болгарияда белдеседі

Токио Олимпиадасында өнер көрсетуді мақсат тұтқан балуандар ең соңғы сынақтан өтпек. Нақтылап айтсақ, 6-9 мамыр аралығында күрес түрлерінен Болгарияның бас шаһары – Софияда лицензиялық турнирдің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бокс • 25 Сәуір, 2021

Жастарымыз жұлқынып тұр

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамасы барлық салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, шаршы алаңға шыққан 20 өреніміздің тең жартысы жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл біздің ұлдар мен қыздар үшін айтарлықтай жақсы көрсеткіш екені даусыз.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда

Дзюдодан Қазақстан құрамасы өзінің кезекті оқу-жаттығу жиынын жер жәнатты – Жетісуда өткізуде. 21 сәуірде басталған бұл жиын 1 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады

Бокстан Польшаның Кельце қаласында жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстанның қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстанның қоржынына екінші күміс медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды

Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалдық сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда

5-7 мамыр аралығында Тайландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэ есуден Азия чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 23 Сәуір, 2021

Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады

Бұл күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Губернатор кубогы жолындағы жарыста жүлделі орындар үшін таласатын боксшылар толықтай анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.