Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3358 материал табылды

Спорт • 16 Наурыз, 2021

Мұрат Темірәлиев:Тансық өнерді табысты өнерге айналдырық

Сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның күллі қалаларында бейнесалондардың қаптағаны белгілі. Жастар Брюсс Лиден бастап, жекпе-жектің сан алуан түрін меңгерген басқа да спортшылардың өнеріне тамсанды. Соның әсері болса керек, күш-қуатты тасыған көптеген жігіттер түрлі үйірмелерді жағалады. Оның үстіне, дәп сол кездері Түркияда дүниеге келіп, Германияда тұрып жатқан таеквондоның хас шебері Мұстафа Өзтүрік Қазақстанға ат басын бұрып, республикамыздың бірқатар қалаларында үйірмелер ашты. Бұл жағдай жергілікті жастардың тансық өнерге деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Міне, сол кезде таеквондо залынның табалдырығынан аттаған жігіттердің бірі Мұрат Темірәлиев еді.

Теннис • 16 Наурыз, 2021

Дубайдағы додада Александр Бублик те ұтылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында өтіп жатқан  жүлде қоры 2 048 855 АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілер сәтсіз өнер көрсетті.  

Теннис • 16 Наурыз, 2021

Үстел теннисшілеріміз ұтылды

Катардың бас шаһары – Дохада үстел теннисінен биыл Токиода алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарының іріктеу турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис • 16 Наурыз, 2021

Теннисшілердің Дубайдағы додасы жалғасуда

Бұл күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында жүлде қоры 2 048 855 АҚШ долларын құрайтын аса ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокс • 16 Наурыз, 2021

Алты аруымыз Анадолы елінде айқасады

Ертең Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан халықаралық турнир басталады. Бұл жарыста Қазақстанның әйелдер құрамасы да өнер көрсетеді.  

Кәсіпқой бокс • 16 Наурыз, 2021

Геннадий Головкин үздіктер тізіміне енбей қалды

Worldboxingnews.net порталы бүгінгі таңдағы әлемнің ең мықты кәсіпқой боксшыларының рейтингін жария етті. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінен Геннадий Головкинді кезіктіре алмадық.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2021

«Ұстаз, мені шығармашылыққа шабыттандыр!»

17 наурызда сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін, ZOOM платформасында Шалва Амонашвилидің 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаз, мені шығармашылыққа шабыттандыр!» тақырыбында халықаралық форум өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 15 Наурыз, 2021

UFC-ді мойындата аламыз ба?

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC (Ultimate Fighting Championship) екені еш дау туғызбаса керек. Штаб-пәтері АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында орналасқан әйгілі промоушенде сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар ғана өнер көрсетеді. Ондай құрметке бөлену үшін түрлі халықаралық додада дара талантыңмен танылып, көптеген сынақтан мүдірмей өтуге тиіссің. Ал UFC-дің чемпиондық белбеуі тек «мыңнан тұлпар» шыққан мар­қасқаларға ғана бұйырады. Айтулы ұйымның мұрындық болуымен өтіп жүрген жарыстарда атой салған спортшылардың беделі бүгінгі таңда шарықтап тұр десек, асыра айтқанымыз емес.

Спорт • 15 Наурыз, 2021

«Тараздың» тегеуіріні қуантты

Жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының төрт ойыны өтуге тиіс еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шымкенттің «Ордабасы» және Петропавловскінің «Қызылжар» клубтары арасындағы матч кейінгі шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Наурыз, 2021

Роналду Пеленің рекордын жаңартты

Футболдан Италия чемпионатының кезекті турында Туриннің «Ювентусы» сырт алаңда «Кальяримен» кездесті. Бұл матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.