Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 29 Қыркүйек, 2022

Қазақстан – 4-себетте

Футболдан 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде қай команданың қай себетке түскені белгілі болды.

Теннис • 29 Қыркүйек, 2022

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Бұл күндері әлемнің әр қиырында тен­нис­шілердің халықаралық турнир­лері өтуде. Бақ сынаушылардың қа­та­рын­да Қазақстанның да ойыншылары бар.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2022

Ендігі меже - Париж – дейді еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков

Таяуда Сербияның астанасы – Белградта аяқталған әлем чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлеріне бір ғана қола медаль бұйырғаны белгілі. Ол жүлдені 86 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Азамат Дәулетбеков жеңіп алды. Дунай жағалауынан оралғаннан кейін танымал балуанмен тілдесудің реті келді.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2022

Бубликте ілгерілеу бар

Өткен аптамен салыстырғанда Қазақ­станның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған рей­тингінде үш сатыға төмендеп, қазіргі кезде 25-орынды иеленген.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2022

Үш өреніміз рингке шығады

1 қазанда Польшаның Люблин қала­сында өтетін кәсіпқой бокс кешінде үш спортшымыз бақ сынайды. Олар – Бекзат Нұрдәулетов, Мейірім Нұр­сұлтанов және Бекман Сойлыбаев.

Спорт • 26 Қыркүйек, 2022

Әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Қазақстан шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ресми түрде ұсыныс білдірді. Бұл ақпарат аталған спорт түрі федерациясының сайтында жарияланды. Жоғарыдағы жаңалықты жанкүйерлер жылы қабылдады.

Спорт • 26 Қыркүйек, 2022

Бентлимен бетпе-бет

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып отырған қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі кездесуін 12 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұлыбританиялық Дензел Бентлимен өткізеді.

Спорт • 25 Қыркүйек, 2022

Жасыл құрлықтағы жарқын жеңіс

Кеше Аустралияның Вуллонгонг қаласында шос­седегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқ­талды. 23 жас­тағы өрендер арасын­да қазақстандық Ев­гений Федоров тамаша өнер көрсетті. 199,8 шақырымдық топтық сайыста ол бас жүлдені олжалады. Күміс және қола медальды чехиялық Матиас Вачек пен нор­вегиялық Сорен Вереншельд иеленді.

Спорт • 25 Қыркүйек, 2022

Джокович пен Алькарас Астанаға келеді

1-9 қазан аралығында Астанада өте­­тін АТР 500 турнирінде теннис әлемінің шоқжұлдыздары өнер көр­­сететіні белгілі. Солардың ара­сынан сербиялық Новак Джо­ко­вич пен испаниялық Карлос Аль­карасты бөле-жара атап өтсек, еш айыбы жоқ. Күні кеше ғана олар Қазақстанға келетіндерін ресми түр­де растады.

Спорт • 22 Қыркүйек, 2022

Ташкентте татамиге кімдер шығады?

6-12 қазан күндері Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Төрткүл дүниенің ең мықты балуандары бас қосатын байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды.