Аймақтар • 18 Шілде, 2019
Жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы барып, өңір штабының жұмысымен танысты. Әкім Жамбыл өңіріне тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көріп, 11 көшенің тұрғындарымен кездесті. Арыс қаласына сапары барысында Асқар Мырзахметов аталған бөліністегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Арыстық жасөспірімдер Жамбылда демалуда
Мектеп оқушыларының жыл сайынғы жазғы демалысты асыға күтетіні ақиқат. Жадыраған жаз мезгілі келісімен әулиеаталық өрендер осындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалып, маусымды мағыналы өткізетін. Енді биыл олардың қатары Арыс қаласынан келген оқушылармен толықты. Арыстық жеткіншектер де Жамбыл өңірінің жайсаң табиғатымен танысып, тұнық ауасымен тыныстауда.
Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Жамбыл облысында астық алқабы жанып жатыр
Жаз шыға салысымен Жамбыл өңірінде дала өрті жиі белең ала бастады. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаз мезгілінде бір ғана Т.Рысқұлов ауданының өзінде жалпы аумағы 500 гектарға жуық дала өртке оранған.
Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Таразда тегін экскурсиялық автобустар іске қосылды
Жамбыл облыстық туризм басқармасының қолдауымен «Жастар жылына» орай, Тараз қаласында 2 туристік автобус іске қосылды. Экскурсиялық автобустар Тараздағы «Жастар аллеясынан» салтанатты жағдайда жолға шықты.
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне ерекше көңіл бөлу патриотизмнің аса маңызды белгісі екенін атап өткен болатын.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» атты этножоба қолға алынған болатын.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Көне Тараз күмбірі» атты І Республикалық этнофольклорлық ансамбльдер байқауы өтті.
Руханият • 09 Шілде, 2019
Қарт Қаратаудың теріскейінде, Шабақты өзенінің оң жағалауында тамырына талай тарихи сыр жасырған Саудакент қалашығы жатыр. Ғалымдардың зерттеуінше, көне қалашық Қаратаудың теріскейі арқылы Тараз шаһарына қатынайтын үлкен керуен жолдың бойындағы ірі сауда орталығы болған деседі. Бұл қалажұрт бүгінде Сарысу ауданының Байқадам ауылдық округінің аумағына қарайды. Кезінде әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның өзі Саудакент қалашығын зерттеп, сүбелі еңбек жазып қалдырғаны белгілі. Сонымен қатар Рубрук, Колосовский, Бернштам сияқты ғалымдардың жазбаларынан да көне қалажұрт туралы деректерді кездестіруге болады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2019
Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» атты этножобасы қолға алынған болатын. Аталған бастама көне шаһарда Елорда күніне орай ары қарай жалғасын тауып, тараздық тұрғындарды «Төрткүл» кешеніне тағы да шақырды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленген болатын. Осыған орай, Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Көне Тараз күмбірі» атты І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті.