Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Жаздың жылы жаңбыры

Арманшыл шағыңды аңсататын, қайта оралмас керемет күндерді көз алдыңа келтіретін, бейкүнә сәтіңе еріксіз бас идіретін өлмес өнердің құдіреті ғана. Жаныңның шырақтарын шұғылаға бөлейтін бір керемет тылсым, көңіліңе жарық түсіретін бір нәзік сәуле де осы өнер болса керек.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Он бес күмбезді көне мешіт

Қарт Қаратаудың баурайында, бүгінгі Талас ауданы, Үшарал ауылының орталығында Абдолла ишан мешіті бар. Бұл көне мешіт әлі күнге дейін жергілікті тұрғындардың ғибадат орны болып келеді. Құлшылық үйінің жалпы құрылысы төртбұрышты, ал қабырғасы күйдірілген кесектен өріліп, төбесі көп күмбезді болып жабылған.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Темір тұлпарлар дүбірі

Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары­нан ежелгі жәдігерлерді ғана емес, ертедегі көліктерді де көптеп кездестіруге болады. Бүгінде көне жәдігер есепті сақталып қалған көліктер қымбат саналады.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Жерді тиімді пайдалану оң нәтиже береді

Облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданы кезінде тары, жүгері егумен аты белгілі аймақтың бірі болған. Алайда кейінгі жылдары ауданның әлеуеті әлсіреп, шаруасы шатқаяқтай бастағанын өңір жұртшылығы жақсы біледі.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Асқар Мырзахметов: «Уақыттан ұтамыз деп, құрылыс сапасын назардан тыс қалдырмау керек»

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен жиын өтіп, жиында Тараз қаласындағы «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс барысы қаралды. Кешендегі құрылыс жұмыстарына жауапты штабтың есебі тыңдалып, жан-жақты сараланды.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Балуан ашқан бөбекжай

Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Тараз қаласынан 200 орындық бөбекжай ашты. Жуырда ғана тараздық тұрғындар жақсы іске куә болып, бөбекжайдың ашылу салтанатын тамашалады. Балуан салып берген бөбекжай екі қабатты еңселі ғимаратта орналасқан. Елбасының «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында бастау алған игі бас­тама балалардың болашағы үшін қолға алынып отыр.

Руханият • 06 Тамыз, 2019

Қазанғаптың қасіреті

Бір бойына қуаныш пен шаттықты, қасірет пен қайғыны қатар сыйғызған даланың дегдарлығына таңданбасқа амал жоқ. Домбыраның қос ішегіндей қатар өрілген, күңіренген күй болып қатар төгілген бұл екі ұғым ежелден бар. Өзі құндағына бөлеп, әлди әнімен әлемді тербеткен ұлы дала күнің түгесіліп, демің біткенде қобыз сарынындай қаралы әуенімен де жоқтайды. Бұл да болса Құдіреттің маңдайға жазғаны, жаратылыстың заңдылығы, табиғаттың қағидасы болса керек. Ал сол екі арада адамзат баласы тағдыр дейтін тақ иесінің тұтқынында ғұмыр кешіп, не түрлі сұмдықты басынан кешіріп барып жан береді екен. Ал сүйекке сіңген қасірет, қанға араласқан қайғы дейтіннің өзін қара жердің сызы да кетіре алмас.

Руханият • 30 Шілде, 2019

Сұмқайтты жазығының тарихи сыры көп

Қазақ даласының дегдар болмысын бірауыз сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ел мен жердің тағдырына, тарихына қатысты шежірелі деректер Ұлы даланың қай қиырында да қазына болып қатталып тұр. Кешегі антына адал, сертіне берік бабалардың қасықтай қаны қалғанша жаумен қырқысқан жерінің бәрі де қазақ даласының бүгінгі құйқалы қонысы, мәңгілік атамекені. Сүйемдей жер үшін сүйегін берген баһадүрлердің асыл мұрат жолындағы рухы қазақтың бар атырабында асқақтап тұр.

Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Табиғат байлығы тиімді пайдаланылуда

Еліміздегі табиғаттың байлығын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Бұл әсіресе экономика саласына тың серпін беріп, отандық кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар, жүздеген жұмыс орны ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да септігін тигізеді.

Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Жамбыл облысында білім ошақтарының саны артады

Бүгінде елімізде жастардың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалып келеді. Ол үшін өңірлерде апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды білім ошақтарының мәселесін шешу маңызды. Білім бәсекесіне қабілеттілік күн тәртібінде тұрған мәселе болғандықтан, бұл өңірлер үшін де аса өзекті. Бұл орайда, білім бәсекесін арттыруға Жамбыл облысы да өзіндік үлесін қосып отыр.