Руханият • 02 Шілде, 2019
Қылқаламның құдіреті ықылымды тірілтеді, өшкенді жандырады. Бүгінде есімі елге танымал суретші Аманат Назарқұлдың шығармашылығы көне түркі сарынын қайта жандандырған, қилы замана белестерін, адамзаттың дамуына айрықша әсер еткен тұлғалардың келбетін айшықтаған көркем бір әлем деуге болады.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды
Т.Рысқұлов ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданның бірі. Кезінде Абсент сынды арғымақ баптаумен аты шыққан ауданда бүгінде ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамыған. Мәселен, «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңір дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. 2016 жылы құрылған зауыт қазіргі таңда 11 пайыз қуатында жұмыс істейді.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары түркі мәдениетінің ордасы болып саналады. Бұл ретте талайғы Таразға қызығушылар қатары да аз емес. Түрлі тарихи орындар, ежелгі ескерткіштер, тастағы таңбалардың бәрі де ұлт тарихының ұстыны бола алатын құндылықтар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз төрінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І халық шығармашылығы фестивалі өтті. Аталған фестивальға Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан суретшілер келді.
Қоғам • 11 Маусым, 2019
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті кеселдің бірі. Әсіресе күн жылынып, жаз шыға бастағанда бұл дерттің асқына түсетін әдеті. Кәдімгі кене шағудан басталатын қызбаның соңы адам өліміне дейін апарып, қайғылы жағдайға ұшыратады.
Сұхбат • 11 Маусым, 2019
Сейітхан Жошыбаев: Өзің жақсы болсаң, елдің бәрі де жақсы
Медицина ғылымдарының докторы, академик, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев сұхбат берді.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
Көне Тараз шаһарында заманауи өнер туындыларын жұртшылыққа насихаттау мақсатында тұңғыш рет «Ұлы дала хикаялары» атты сурет көрмесі ашылды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Талас ауданы – өңірдегі ауыл шаруашылығына қолайлы аймақ. Әсіресе мал шаруашылығы дамып, сол арқылы жергілікті халықтың тұрмысы тұрақты болып отыр. Таластың табыс көзіне айналатын күні де алыс емес.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық ұлт бірегейлігінің негізіне айналуы тиіс. Көне Тараз шаһарында заманауи өнер туындыларын жұртшылыққа насихаттау мақсатында тұңғыш рет «Ұлы дала хикаялары» атты сурет көрмесі ашылды.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Дала зиянкестерімен күрес – күрделі мәселе
Екі жыл бұрын Жамбыл облысының жайылымдық жерлерінде шегіртке қаптап, әсіресе егінге қауіп төндірген еді. Тіпті талай гектар егінді отап тастаған зиянкестер халықтың алаңдаушылығын да тудырған. Жаз шығып, жайлау қызған шақта шегірткелер шабуылының да басталатыны белгілі. Жалпы, жаз мезгілі келгенде зиянкестердің мыңдаған алқапты басып қалу қаупі бар. Соңғы екі жылдан бері өңірдің мамандары зиянкестермен күреске ерте қамданып, тиісті шешімдер қабылдап келеді.
Президент • 04 Маусым, 2019
Жұмыс орындарын ашуда бизнестің маңызы жоғары
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Әуелі Мемлекет басшысы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытына атбасын бұрып, аталған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.