Референдум • 02 Маусым, 2022
Азаматтық қоғам жаңашылдықты қалайды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Референдум өткізудің мақсаты мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Референдум • 01 Маусым, 2022
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келіп, республикалық референдум аясында Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы баяндады.
Білім • 01 Маусым, 2022
Білім ошағына еріктілер жобасы серпін береді
Жергілікті жастар қауымдастықтарына, білім беру саласына қолдау көрсету мақсатында Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы мектеп ұжымы мен «Комунитиплюс» мәдени-әлеуметтік, білім беруді дамыту қорының бірлесіп атқарған жобасы нәтижелі аяқталды.
Референдум • 30 Мамыр, 2022
Алматыда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2022
Цифрландыру офисі IT мамандарды біріктіреді
Цифрлы технологиялар индустриясы қарқынды дамып, адам капиталында тиімді қолданыс тауып келеді. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы цифрландыру офисі қала дамуында IT мамандар үлесін арттыру үшін оқу орындарымен бірлескен платформаларды жетілдіруге мән беріп отыр.
Қоғам • 29 Мамыр, 2022
Стартаптар технологиялық серпіліске жол ашады
Қазіргі қоғамда инновациялық жобаларға сұраныс жоғары. Нарық үдесінен шығу, осы үдеріске ілесіп отыру заман талабы десек, тың жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізудің экономикалық тәуекелі өз алдына. Көптеген елде стартаптарға барынша көңіл бөлінсе, болашағына күмәнмен қарайтын елдер де бар. Дүниежүзілік экономикалық форум деректеріне назар аударсақ, заманауи экономикалық жүйе азаматтар мен қоғамның қажеттілігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан экономикалық үдерістің жаңа үлгілерін жасау қажет.
Қоғам • 29 Мамыр, 2022
Зорлық-зомбылықпен күрес жаһандық сипат алуда
2030 жылға қарай әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық түбегейлі жойылуға тиіс. Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған «Жарық сәулесі» аймақтық бағдарламасы аясында зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық назар аудару тұжырымдамасын іске асыруға арналған семинарда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан БҰҰ агенттері күрес шараларын күшейту бастамаларын талқылады.
Руханият • 27 Мамыр, 2022
Алматыда «Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтті
Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінінің (COMSTECH) бірлесіп ұйымдастыруымен «Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2022
Инклюзивті оқу-зерттеу зертханасы ашылды
Инклюзивті және арнайы білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, студенттерді оқыту, жаңа формацияның мектеп мұғалімдерін, құзыретті, тәжірибеге бағытталған педагогикалық кадрларын даярлауда зертханалық ресурстар мен жаңа технологияларды пайдалану салалық жоғары оқу орындары үшін маңызды.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2022
Data журналистика: Коммуникацияның жаңа белесі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде өткен «Data Journalism & Social Media Camp 2022» халықаралық лагері еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып, цифрландыру және әлеуметтік желілер жөніндегі бағдарламаны қолдау мақсатында өтті.