Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1258 материал табылды

Ғылым • 29 Сәуір, 2021

Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік

Ғылым – мемлекеттің мерейін асырып, қоғамды жарқын һәм жаңашыл арнаға жетелейтін бірден-бір күш екені анық. Оның қанат жайып қарқындауы тұтас елдің болашағына тікелей әсер ететіні белгілі. Осы ретте жыл сайын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым апталығы» ұйымдастырылады. Аталған шара биыл да жалғасын тапты.

Өнер • 28 Сәуір, 2021

Ұлы даланың әйгілі перзенттері

Қазіргі заманғы музей тәжірибесінде мемориалдық көрмелер ұйым­дастыру үрдіске айналып отыр. Өйткені мемориалдық көрмелер жекелеген өнер иелерінің өмір өрнектерінен мәлімет беріп, есімі ел есінде қалған тағылымды тұлғалардың тарихи образын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікір • 27 Сәуір, 2021

Татулықтан асқан байлық жоқ

Биыл тарих парақтарына алтын әріппен жазылған Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығы. Осынау жылдар ішінде жас Қазақстанымыз жан-жағына үздік үлгі көрсетіп, жасампаз елге айналып үлгерді. Айтар ауызға жеңіл болғанымен, бұл жетістіктердің астарында үлкен еңбек, келелі келісімдер, сындарлы стратегия жатыр.

Қазақстан • 26 Сәуір, 2021

Амангелді Омаров: Түрксіб темір жолы әкелеріміздің қолымен салынды

Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы», академик Амангелді Омаров – қазақ темір жол ісінің қазанында қайнап, шарығында шыңдалған майталман маман.

Оқиға • 23 Сәуір, 2021

Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты

Халықаралық Қазақ тілі қоға­мының Алматы қалалық бөлім­шесі, сондай-ақ қалалық Қоғам­дық кеңес жанынан құрылған Тіл коми­тетінің ұйытқы болуымен мем­­лекеттік тілдің мәртебесін көте­ру­ге бағытталған келелі ке­ңес өтті. Ғалымдар мен тіл жа­нашыр­­ларын бір алаңда жина­ған басқосуда қазақ тілінің айна­ласындағы өзекті мәселелер тал­қы­ланды.

Өнер • 21 Сәуір, 2021

Алматыда «Егемендігім – мерейім» атты сурет көрмесі ашылды

Алматыда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архив» РММ-де жаратылыстану ғылымдарының PhD докторы, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің аға оқытушысы, суретші Жұмаділхан Керімбектің «Егемендігім – мерейім» атты сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өнер • 20 Сәуір, 2021

Періште көңіл пейзаждары

Бала – кенептің тап-таза бе­тіндей тұп-тұнық әлем десек, балалар шығармашылығын қолдау мен дәріптеу болашақ ізгі қоғамның көрінісі. Ел Тә­уел­сіздігінің 30 жылдығына орай Мемлекеттік Орталық му­зейде балдырған сурет­ші­лердің «Біз бұл әлемді кө­рік­тендіреміз» атты шы­ғар­­машылық көрмесі ашыл­ды. Періште көңілдің перизат өр­нек­терінен кіршіксіз таза­лық­тың лебі еседі.

Тарих • 18 Сәуір, 2021

Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі

Ғасыр ғұмырға бет алған Қазақстан Ұлттық ғылым ака­демия­сының академигі Досмұхаммед Кішібеков – ашаршылық деп аталатын, ұлт басына төнген адам айтса нанғысыз қасіретті өз көзімен көргендердің бірі. Философ-ғалым бізге зұлмат жылдардың зобалаңын, көңілде жүрген көп ойын, жадында қалған естеліктерін әңгімелеп берді.

Өнер • 16 Сәуір, 2021

Қылқаламдағы ғарыш тақырыбы

Адамзат баласы ерекше құрметпен атап өтетін Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні биыл айрықша маңызға ие. Себебі жаһан тарихында алғаш ғарышқа аттанған Юрий Гагариннің қазақ даласынан аспан көгіне самғағанына 60 жыл толып отыр. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ғарыш тақырыбына арналған сурет көрмесі ашылды. Көрмеге қойылған туындылар арқылы болашақта адамзатты Күн жүйесінен тысқарыдағы Ақылмен кездесу сәттері күтіп тұрғандығын болжауға болады.

Коронавирус • 16 Сәуір, 2021

Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жүздесуде Клиникалық және фундаменталды медицина академигі, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев коронавируспен ауырып-жазылған тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.