Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

Қоғам • 16 Тамыз, 2021

Дәулет пен тұлға

 «Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» дейді. Елдіктің өзі неде? Әлде санның көп­тігі сапаға ықпал етіп, ішінен озық ойлы ерлері іріктеліп шыға ма екен? Мәсе­ле са­ны­мыздың аздығында, бодандық қамы­тын көп жыл іліп жүргенімізде, ұлыққа ғана бас ұрып, өз араңнан шығып өрге қарай өрмелегенді етектен тартқан іш­тар­­лықтың құрты жеген бос кеуек кеудеге ай­налғанымызда ма? Құлдық сана ма ке­дергі?

Қоғам • 10 Тамыз, 2021

Стомадан кейінгі өмір

Бүгінде медицина сәт сайын озық технологиялармен толығып, бұрын мүмкін еместей көрінетін дүниелерді отандық мамандардың атқаратынына бой үйренгені анық. Әйтсе де стомадан кейін ішекті реконструкциялауды өз хирургтеріміздің жүргізуі ерекше қуантады. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада осындай стомадан соңғы өмір сапасын жақсарту жалғасты болуда.

Қоғам • 25 Маусым, 2021

Тағдырмен ойын...

Қасым атам әркез ұтырлы айтар сөзі бар және онысы ел аузында жүретін абы­ройлы адам еді. Атам отының алды, суының тұнығы, баласының үлкені қызын ұзатады. Ол уақыт тұрмысқа шық­қан қыздың артынан ай өтпей жетіп баратын кез емес. Жылдан асып, пәленбай шақырымды артқа тастап, құдасының үйіне тоқтап, олар Қасекең, құда келді деп құрақ ұшып дастарқан жайып күтеді. Шай үстінде бар зейіні үлкендерге ауып, соларға қызмет етіп отырған қызы қайынсіңлісінің босаған кесесін аңдамай қалыпты. «Жеңеше, шай» деп көзімен жеп жібергенін көрген атам үйіне келген соң жұбайына «Көрдім баламды. Қайтейін, дүние кезек деген, құдашаның көзін көрдім, оған да біреу қарар» депті.

Руханият • 18 Маусым, 2021

Арманына жеткен жан

Жоғары санатты дәрігер Алма Саятқызы Тохметова елордадағы №9 қалалық емхана ашылған күннен бері диагностика бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. «Арманым орындалды! Балабақшадан бастап менің арманым дәрігер болу еді. Көріп отырғаныңыздай, мақсатыма қол жеткізе алдым», деді ол бізбен жолыққанда.

Қоғам • 16 Маусым, 2021

Донор болу – үлкен дәреже

Жыл сайын әлем бойынша 14 маусым күні Дүниежүзілік донор күні өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пациенттерге қауіпсіз қан мен оның компоненттерін құюдың маңызына қатты мән беріп, ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінде азаматтардың өтеусіз ерікті қан донорлығына келуін насихаттап, донор болуды биік адамгершілік тұрғысынан үлгі етіп таратуды ұсынады.

Медицина • 15 Маусым, 2021

Денсаулықтың қадірін ауырмай білген абзал

Елордадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада қажетті медициналық көмектің барлығы қамтылғанын өткенде газетімізде жарық көрген мақалада кеңінен жазған едік. Бүгінгі сөз ететініміз, уәде еткендей, сол мақаланың мақсатты жалғасы. Өйткені аталған аурухананың пациенттерге жасайтын басқа да жәрдемдері кезекті мақалаға сұранып тұр еді.

Қоғам • 04 Маусым, 2021

Сovid-19: Алғы шептегі дәрігерлер не дейді?

Індет құрсауы қысқаннан бері дәрігерлердің өмірі бейне бір майданның алғы шебіне ұқсап кеткендей. Әу баста Т.Рысқұлов көшесіндегі ғимарат балалардың инфекциялық ауруханасы болуға арналып салынған-ды. Ал пандемия басталғалы мұнда тек Сovid-19 инфекциясын жұқтырғандар емделіп жатыр.

Қоғам • 03 Маусым, 2021

Жеңгелер деген қандай-ды?!

Уақыттың бір орнында тұрмайтыны тәрізді, қоғам өмірінің де үнемі өзгеріп, жаңарып, жаңғырып отыратыны ақиқат. Сол жаңғырған жолда кейде өкінішке қалып опынып, кейде мұратқа жетіп жетілу де заңды. Әйтсе де...

Әлем • 04 Мамыр, 2021

«Спутник-V» туралы шешім маусым-шілде айларында қабылданады

2022 жылы әлем халқын COVID-19-ға қарсы вакцинадан өткізу үшін 45 млрд доллар қажет. Бұл туралы ДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Экономика • 04 Мамыр, 2021

Пандемия өрісін кеңейткен сауда

Пандемия онлайн әлемнің тынысын кеңейтіп, адамдарды үйде отырып электронды сауда жасауға әбден машықтандырды.