Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

Коронавирус • 27 Сәуір, 2021

Вакцина адамзатты біріктіреді

ДСҰ шешімімен  24-30 сәуір аралығында дүниежүзілік иммунизация апталығы өткізіліп жатыр. «Вакцина адамзатты біріктіреді» деген ұранды ту еткен апталықтың маңыздылығы COVID-19-дың әлемді шырмауынан босатпай тұрған тұсында одан әрі айқындала түседі.

Тарих • 27 Сәуір, 2021

Тарихты таразылай білсек...

Қазақ халқының «бәлшебектерден» көр­ме­гені жоқ. Әуелі күштеп отырықшы етеміз деп қолын­дағы малын бір емес, бірнеше рет жи­нап алды. Діліне қиянат жасады. Рухын жан­шып, дәстүрінен айыруға білек түре кірісті.

Медицина • 27 Сәуір, 2021

COVID-19: Мұрынға тамызатын вакцина

Індет ілмегінен құтылудың қамы әлем ғалымдарын соны ізденістерге бастады. Бүгінде одан қор­ға­нудың амалында жасалған вакциналар 207 мем­ле­кеттің азаматтарына салынған. Осылайша, 1 млрд дозаны алғандардың 58 пайызы АҚШ, Қытай және Үндістан азаматтарын құрапты. Бұл вак­цинаның екпе түрі болса, ізденісті үдеткен ға­лым­дар оның өзгеше түрлерін ойлап табуда.

Тарих • 23 Сәуір, 2021

Тарихта тұрлау болған ба?

Ұзын салқар тарих көшінің қай халыққа да беретін сабағы бар екені белгілі. Жетелілер тарихтың қайталанғанын көргенде, бүгінгі тынысында өткеннің ащы тұсын тұщытып, кермегін жұмсартып, запыранын емдеп, болашағының жарқын болуына соларды мысал ете отыра ұрпағын алға жетелейді.

Медицина • 20 Сәуір, 2021

Мутацияланған вирус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың әлемге тарау қарқынының қауіптілігіне алаңдап, азаматтарға мейлінше сақтану қажеттігін, ал мемлекеттердің жағдайға қарап шектеу шараларын қатты қадағалап отыруын ұсынады.

Коронавирус • 14 Сәуір, 2021

Пандемиядағы пайым

Жуырда дүниежүзілік денсаулық сақтау күнінде ДДҰ Еуропалық аймақтың бюросы: «Пандемия барлық адамзат баласына әсерін тигізді. Бірі жақынын жоғалтса, бірі оның экономикалық зардабын көбірек тартты, әйтеуір эпидемия жоламай кеткен жан жер жүзінде табылмайды», деп жазды.

Тарих • 13 Сәуір, 2021

Жан күйзелткен жылдар жадында

Жасы 95-тен асқан Кәкен апаның қасында уақыттың қалай өткенін аңдамай қаласыз. Әулетінен 3 бірдей жан «халық жауы» деген жаман атты жамылып, із-түзсіз кеткен әке-аға­ларының жалғасындай болып отырған кейуана өмірі көпке ой тастағандай.

Медицина • 07 Сәуір, 2021

Қан құрамының сан қыры ашылады

Пандемиямен күрес күллі адамзат баласын түрлі ізденістерге бағыттады. Сондай сан-салалы зерттеуге ұмтылған ғылымның бірі – трансфузиология.

Қоғам • 06 Сәуір, 2021

Вакцина ел ғылымының барометріне айналды

Пандемия құрсауы планетаны босатар емес. Үшінші толқын деміктірген кәрі құрлықтағы мемлекеттер шараларды қатаңдатып, вакцинаға үміт артып отыр. Алайда, вакцина бәріне бірдей жетпей жатыр.

Коронавирус • 06 Сәуір, 2021

Кім қанша вакцина алады?

Бүгінгі таңда әлем елдері вакцинаның 8,6 млрд дозасын алдыруға шарт жасасқан дейді АҚШ-тағы Дьюк университетінің зерттеушілері.