Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

04 Шілде, 2017

Зейнет жасы ма, зерігудің басы ма?

Халық «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп бекер айтпайды. Өмірден көргесін, ой түйгесін, бар мен жоқты безбендеген соң ауыздан шыққан бір ауыз тіркес қанатты қағидаға айналып кетеді.

19 Маусым, 2017

Интернетке иліге беруге болмайды

Өткен жолы Астанадағы «Ана мен бала» орталығында дәрігер Қар­лығаш Төлеубайқызымен әңгі­ме­лесіп қалдық. Сонда жүктілік пато­ло­гиясы бөлімшесінің меңгерушісі ақ­парат қолжетімділігінің кейде пайдасымен қатар зиян екенін айтып қалды. 

25 Мамыр, 2017

Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?

Бір жылдары Қазақстанның мә­дениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қай­шылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалып­тасқан бай мәдениет, өр­кениет, ежелгі дәстүріне сызат түс­пеген ғажайып әлемге кереғар тір­шілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыз­дан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыр­шыдан аяқ алып жүре алмайсыз.

18 Мамыр, 2017

Қол жетпес құнның құпиясы

Егер маңайымыздағы көршілер болмағанда жалаңаш жүргендейміз-ау. Бізді қазір киіндірмейтін ел жоқ. Қытай мен Түркия қазақтарды жалаңаш қалдырмауды міндетіне алғандай көрінсе, іргедегі қырғыз, өзбек, алыстағы еуропалықтар, үнділер, корейлер, беларустар, орыстар да олардан қалыспайды. Қайтеміз тапқан тиын-тебенімізді лыпасыз жүрген болмас деп солар тіккен киімдерді сатып алуға жұмсап, солардың экономикасын нығайтып, солардың жеңіл өнеркәсібіне инвес­тиция салып жатқан жайымыз бар.

28 Сәуір, 2017

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

20 Қаңтар, 2017

Тілбұзарды кім тыяр?