
• 09 Қазан, 2017
Идеялар қорлау емес, қолдау күтеді
Менің бір танысымның жол апаттарының алдын алатын «ақылды қондырғы» ойлап тапқанына біраз жылдың жүзі болды. Анда барды, мында барды, еш нәтиже шығар емес. Ендігі ойы – шетелге ұсыну.
• 02 Қазан, 2017
Шебімізді шегендейтін шаралар керек
Бүгінде еліміздің шекара шебіне жақын жатқан аймақтарына ел қондыру өзекті мәселеге айналды
• 21 Қыркүйек, 2017
Халқымыз «Ұлың өссе ұлықтымен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық қатарына қарап бой түзейді, бір-бірінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.
• 05 Қыркүйек, 2017
Мен жастарды жақсы көремін. Танитыным бар, танымайтыным бар, әйтеуір, сырттарынан көз салып, жазғандарына, айтқан ойларына қарап тілеулес болып, қарадай ұнатып, жаныма жақын балап жүремін.
• 01 Қыркүйек, 2017
Құрбым екеуміз көлік ішіндеміз. Көше кептелісінде қапталдаса тұра қалған жүргізушіге көзім түсіп кетті. Жүрегім дір ете қалды. Құрбыма: – Қарашы, – дедім. – Астапыралла, не түр мынау? Құрбымның түсі бұзылып кетті. – Түу, жүрегім ұшты ғой, өзің көріп қоя салмадың ба? Не пәле болып барады, жүзі қандай қорқынышты, ештеңеден тайынатын адам емес қой мынау.
• 04 Шілде, 2017
Зейнет жасы ма, зерігудің басы ма?
Халық «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп бекер айтпайды. Өмірден көргесін, ой түйгесін, бар мен жоқты безбендеген соң ауыздан шыққан бір ауыз тіркес қанатты қағидаға айналып кетеді.
• 19 Маусым, 2017
Интернетке иліге беруге болмайды
Өткен жолы Астанадағы «Ана мен бала» орталығында дәрігер Қарлығаш Төлеубайқызымен әңгімелесіп қалдық. Сонда жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі ақпарат қолжетімділігінің кейде пайдасымен қатар зиян екенін айтып қалды.
• 25 Мамыр, 2017
Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?
Бір жылдары Қазақстанның мәдениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қайшылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалыптасқан бай мәдениет, өркениет, ежелгі дәстүріне сызат түспеген ғажайып әлемге кереғар тіршілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыздан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыршыдан аяқ алып жүре алмайсыз.
• 18 Мамыр, 2017
Егер маңайымыздағы көршілер болмағанда жалаңаш жүргендейміз-ау. Бізді қазір киіндірмейтін ел жоқ. Қытай мен Түркия қазақтарды жалаңаш қалдырмауды міндетіне алғандай көрінсе, іргедегі қырғыз, өзбек, алыстағы еуропалықтар, үнділер, корейлер, беларустар, орыстар да олардан қалыспайды. Қайтеміз тапқан тиын-тебенімізді лыпасыз жүрген болмас деп солар тіккен киімдерді сатып алуға жұмсап, солардың экономикасын нығайтып, солардың жеңіл өнеркәсібіне инвестиция салып жатқан жайымыз бар.
• 28 Сәуір, 2017
«Қазір еліміздегі донор жетіспеушілігі өте өткір мәселе. Бүгінде алмастырылған органның 90 пайызы тірі донорлардан алынады. Егер бұлай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүйректі ұлт атану қаупі барлығын жасыруға болмайды. Одан шығудың жолы қандай?