
• 15 Маусым, 2018
«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?
Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?
• 01 Маусым, 2018
«Қызылорда – Жезқазған бағытындағы тас жол жиегін жағалай біршама адам даланың сарымсақ-пиязын жинап, оны жаппай Қытайға өткізумен айналысады екен. Бұрын қызыл мия тамырын (корень солодки) жинап, оны Қытайға өткізгенін естіген едік. Көктемгі даланың сарымсақ-пиязы көптеген ауру түрлеріне шипа екені белгілі. Тұқым шашып үлгертпей, жинап алып жатқан даланың сарымсақ-пиязын ертең өзіміз сол даладан іздеп таба алмай қалмаймыз ба деген қаупім де жоқ емес», дейді Мақпал Орынбетова есімді азаматша әлеуметтік желідегі парақшасында.
• 13 Наурыз, 2018
Адам көңілі. Халық «Көңіл көңілден су ішеді» дейді. Парқына жетсең өте шынайы, адамдардың қарым-қатынасының қалтарыссыз, қалтқысыз пейілінің айнасындай көрінетіні ақиқат. Ол расында өте нәзік, бір атым насыбайдан қалатын, сәл бір ықылас білдірумен көтеріп жіберуге де, байқамай кірбің ұялатуға да болатын әрбір пенденің жүрегіндегі өзінше бір әлем.
• 23 Ақпан, 2018
Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі?
Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бойтұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.
• 06 Ақпан, 2018
Әркім өзінің көргенін, естігенін, басынан кешкенін айтады. Мен өзімнің туған Торғайымда өмір кешкен, қалтасында табақтай дипломы болмағанымен, ынсап пен иманды жоғары қойған қазақтың оқымаған қарапайым қариялары жайында әңгіме қозғағым келеді.
• 30 Қаңтар, 2018
Қазақ Фабержесіне қолдау қайдан...
Қай заманда да халықтық жауһар өнер туындысын тудыруға аса ауқатты, салтанатын асырамын деген бай-бағландар мен патшалар, хандар себепкер болған.
• 12 Қаңтар, 2018
Шетелде іссапарда жүрміз. Қасымызда Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан есімді жас жігіт бар. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі сондай жатық, сыпайы. Ізетті жігіттің болмысында қалада өскен баланың қалыбы да байқалады. Бір күні екеуміздің орнымыз қатар келіп қалған.
• 25 Желтоқсан, 2017
Қытай мануфактурасын қашанғы қолдаймыз?
Қазақ қашаннан дуда қызатын халық. Ал той дегенде барын шашатын қазақ «топырақты өлімі мен торқалы тойында» қандай да өкпе-ренішін ысырып тастап, той көрігін қыздыруға барын салады. Біреу малын, біреу өзге керек-жарағын әкеліп, көппен бітер дүние ғой деп жақынының тойында соның кем-кетігін толтырсам деп аянып қалмайды.
• 05 Желтоқсан, 2017
Баяғыда бір апамыздың «Қой көрмесек те ешкілі байдың қызы едік» дегеніндей, бұрын нарық, нарықтық қатынастар дегенді әлемдік макроэкономикалық оқулықтардан ғана білетінбіз. Ал мына жалғанда өзгермейтін ештеңе жоқтығының ақиқат екендігіне тәуелсіздік алғанда анық көзіміз жетті.
• 23 Қазан, 2017
Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толастар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сыналасып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бейне құмырсқалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлікке отырғандардың шеруін көргендейсіз.