Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

30 Қаңтар, 2018

Қазақ Фабержесіне қолдау қайдан...

Қай заманда да халықтық жауһар өнер туындысын тудыруға аса ауқат­ты, салтанатын асырамын деген бай-бағландар мен патшалар, хандар себепкер болған.

12 Қаңтар, 2018

Жаңсақ ойдың жетегінде...

Шетелде іссапарда жүрміз. Қасымызда Сыртқы істер ми­нис­тр­лігінің өкілі Ержан есімді жас жігіт бар. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі сондай жатық, сыпайы. Ізетті жігіттің болмысында қалада өскен баланың қалыбы да байқалады. Бір күні екеуміздің орнымыз қатар келіп қалған. 

25 Желтоқсан, 2017

Қытай мануфактурасын қашанғы қолдаймыз?

Қазақ қашаннан дуда қызатын халық. Ал той дегенде барын шашатын қазақ «топырақты өлімі мен торқалы тойында» қандай да өкпе-ренішін ысырып тастап, той көрігін қыздыруға барын салады. Біреу малын, біреу өзге керек-жарағын әкеліп, көппен бітер дүние ғой деп жақынының тойында соның кем-кетігін толтырсам деп аянып қалмайды. 

05 Желтоқсан, 2017

Бағадағы бассыздық

Баяғыда бір апамыздың «Қой көрмесек те ешкілі байдың қызы едік» дегеніндей, бұрын нарық, нарықтық қатынастар дегенді әлемдік макроэкономикалық оқу­лықтардан ғана білетінбіз. Ал мына жалғанда өзгермейтін еш­теңе жоқтығының ақиқат екен­дігіне тәуелсіздік алғанда анық көзіміз жетті.

23 Қазан, 2017

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

09 Қазан, 2017

Идеялар қорлау емес, қолдау күтеді

Менің бір танысымның жол апаттарының алдын алатын «ақылды қондырғы» ойлап тап­қанына біраз жылдың жүзі болды. Анда барды, мында барды, еш нәтиже шығар емес. Ендігі ойы – шетелге ұсыну. 

02 Қазан, 2017

Шебімізді шегендейтін шаралар керек

Бүгінде еліміздің шекара шебіне жақын жатқан аймақтарына ел қондыру өзекті мәселеге айналды

21 Қыркүйек, 2017

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

05 Қыркүйек, 2017

Жастыққа тән жарасым керек

Мен жастарды жақсы көремін. Танитыным бар, танымайтыным бар, әйтеуір, сырттарынан көз салып, жазғандарына, айтқан ойларына қарап тілеулес болып, қарадай ұнатып, жаныма жақын балап жүремін.  

01 Қыркүйек, 2017

Көшедегі көңілсіз көріністер

Құрбым екеуміз көлік ішіндеміз. Көше кептелісінде қапталдаса тұра қалған жүргізушіге көзім түсіп кетті. Жүрегім дір ете қалды. Құрбыма: – Қарашы, –  дедім. – Астапыралла, не түр мынау? Құрбымның түсі бұзылып кетті. – Түу, жүрегім ұшты ғой, өзің көріп қоя салмадың ба? Не пәле болып барады, жүзі қандай қорқынышты, ештеңеден тайынатын адам емес қой мынау.