Қоғам • 12 Шілде, 2019
Шіліңгір шілденің 11-13-і күндері елордада 15 мемлекеттің білікті мамандары бас қосқан Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының (БНЕҚ) II съезі өтіп жатыр.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
2020 жылдың ақпанына қарай еліміздегі 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 пайызға артатын болады деген жаңалықты ведомство басшысының аузынан есту салада тер төгіп жүрген барша жұртты елең еткізген.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Медицина цифрландыруды таңдайды
Еліміздегі медицина саласын цифрлауды мақсат етуге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінде жаңадан құрылған Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 24 маусымда IT-стартаптардың халықаралық технопаркі «Astana Hub» алаңында ашық есік күнін өткізді.
Қоғам • 25 Маусым, 2019
Орган алмасқаннан өмір тоқтамайды
Донорлық орган арқасында мына жалғаннан үміті үзілердей болған қанша жан отбасына оралып, қуаныш құшағына бөленді десеңізші?! Дәрігер мен донор сыйлаған өмір оларды қатарға қосып қана қоймай, спортпен шұғылдануына да жол ашады. Керемет емес пе! Нұр-Сұлтан қаласында диализдегі емделушілер және ішкі органдарына трансплантация жасалған адамдар арасындағы Ұлттық спорттық ойындардың ашылу салтанаты өтті.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әкелер күнін атап өту дәстүрге айналған. Біздің елімізде бұл күн арнайы бекітілмегенімен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңсесі таяуда әкелердің басқосуын өткізді.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Онкоаурулар күткен нысан ашылады
Ақмола облысы қатерлі ісік ауруларына шалдығу жөнінен республика бойынша алғашқы бестікке кіреді. «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметі Көкшетау қаласына ресми іс сапары барысында «Құтты мекен» жобасына енген онкологиялық емхананың құрылысымен танысты.
Медицина • 14 Маусым, 2019
Медицина майталмандары марапатталды
Дәрігер мамандығын таңдау үшін мейірім төгер жүрек пен үлкен адами құндылықтарды қастерлей білу қажет. Өйткені ақ желеңді жандар пациентке білімі мен білігін, жүрек жылуын сыйламаса, дендеген дертті жеңу мүмкіндігі тарыла түспек. Сондықтан дәрігерлердің алғаусыз мейірімінің өзі шипалы ем іспетті.
Медицина • 11 Маусым, 2019
Мейіргер мамандарының біліктілігі артады
Медициналық қызмет көрсетуде ауқымды топты құрайтын алғашқы буын – мейіргерлер. Сондықтан мейіргер қызметін дамыту аса маңызды істің қатарында. Сырқамайтын, дәрігерге қаралмайтын адам жоқ.
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
Балаларымыз қауіп-қатерден қорғалған ба?
Балалар мен жасөспірімдердің бүгінгі тынысы мен ертеңгі болашағына бас қатырмайтын мемлекеттің келешегі жоқ. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Иә, баланың қамсыз өмірі, мектеп қабырғасында оқу-біліммен сусындап, келешекте орнын табуы ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің, тіпті адамзат баласының бірге қарастыратын мәселесі. Жуырда елордада БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Денсаулық сақтау министрлігі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес республикалық орталығының кеңесінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетудің ұлттық стандарттары жайлы кеңінен айтылды.
Қоғам • 30 Мамыр, 2019
Бүгін – Дүниежүзілік шашыраңқы склерозбен күрес күні
Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз) – адам миы мен жүйке талшықтарын қорғап тұратын арнайы қабатты–миелинді зақымдайтын аутоиммунды созылмалы сырқат. Өкініштісі сол бұл диагноздың шырмауына еліміз бойынша 1500 астам адам түскен. Ал ДДСҰ деректеріне қарағанда жер жүзінде оған шалдыққан пациенттердің саны 2,3 миллионға жетеді және ол көрсеткіш күн санап арту үстінде.