Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

Медицина • 16 Қаңтар, 2020

«Жедел жәрдем» қызметі жетілдіріледі

«Жедел жәрдем» қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Дер кезінде жасалған көмек арқылы талай пенденің тұз-дәмі таусылмай, ғұмырлар жалғанды. Жуырда алғаш рет елордада жедел қызмет өкілдерін оқытып, оларға жаттықтырушы куәлігін берген бірегей шара өтті.

Медицина • 23 Желтоқсан, 2019

Суықтап қалудың салдары

Орталық коммуникация қызметінің алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин тұмаудан сақтануға және аурудың салдарымен күрес жайы туралы әңгімеледі.

Медицина • 23 Желтоқсан, 2019

«Жұлын жарығы» үкім емес!

«Жұлын жарығы» (Spina bifida) – бойда туабітті болатын, адамды өмір бойы арбаға таңатын ауыр дерт. Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК «Spina Bifida қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесе әлеуметтік қамсыздандыру және медициналық ұйымдардың қатысуымен жұлын жарығы бар балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша ынтымақтастықты нығайту шеңберінде дөңгелек үстел өткізді.

Медицина • 04 Желтоқсан, 2019

Новосібірлік дәрігерлер медициналық туризмге ынталы

Қазан айының соңғы күндерінде солтүстіктегі көршіміздің Новосібір қаласының алдыңғы қатарлы медициналық мекемелері елордамызға атбасын тіреп, өздерінің мүмкіндіктерімен таныстырды.

Медицина • 25 Қараша, 2019

Дені сау бала – ұлт байлығы

20 қараша – Халықаралық педиатрлар күні. «UMC» корпоративтік қорының Педиатрия департаментінде осыған орай 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Ашық есік күні өтті.

Қоғам • 12 Қараша, 2019

Балалардың дұрыс тамақтанбауына кім кінәлі?

Әлемде бес жасқа дейінгі әрбір үшінші бала жеткілікті мөлшерде тамақтанбайды. Қазақстанда артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалардың саны өсуде. Бұл туралы ақпарат ЮНИСЕФ-тің «Әлемдегі балалардың жағдайы 2019: балалар, азық-түлік пен тамақтану» жөніндегі жаңа баяндамасында жарияланды.

Медицина • 31 Қазан, 2019

Байқаңыз, «хрусталь бала»...

Жетілмеген остеогенез – сирек кездесетін генетикалық ауру. Мұндай дерті бар адамдардың сүйектері сәл нәрседен, тіпті қатты жөтелсе де сынады. Сондықтан ел ішінде мұндай науқастарды «хрусталь адамдар» деп те атайды. Қазақстанда бүгінгі таңда осы диагнозбен 3 айлық және 16 жас аралығындағы 78 бала тіркелген.

Медицина • 30 Қазан, 2019

Титаннан жасалған омыртқа – жаһандық медицинадағы соны жаңалық

Ұлттық нейрохирургия орталығында тұңғыш рет қазақстандық мамандардың қолынан шыққан жасанды кеуде омыртқасы төрт пациентке салынды. Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Серік Ақшолақов басқаратын Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылғаннан бері 11 жыл ішінде көптеген теңдессіз операциялар жасалып, талай жанның өміріне дәрігерлер қауымы араша түсті. Сондай бірегей операцияның бірі – ауру омыртқаны жасанды имплантпен ауыстыру. Ал бұл жолғы жаңалықтың жөні тіптен өзгеше.

Экономика • 25 Қазан, 2019

Кәсіпкерлікке тың өріс: Елордалық кәсіпорындар мемлекеттен қолдау алуда

Жуырда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы бірқатар кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды. Аталған қор «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көптеген кәсіпкерлік нысандарының қанатын кеңге жаюына қол ұшын созып келеді. Соның бірі «Үміт» Томотерапия және ядролық медицина аурухана кешені» ЖШС-і базасында «Емдеу-диагностикалық радиотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені» жобасы жүзеге асырылған екен.

Аймақтар • 24 Қазан, 2019

Обырмен күресте орнықты бағдарлама керек

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік онкологиялық саммит өтті. Аталған жиынға Обырды бақылау жөніндегі халықаралық одақтың президенті (UICC), Иордания Хан­шайымы Дина Майред қатысты. Біз елордаға келген саммиттің мәртебелі мейманына халықаралық одақтың қызметі жайлы бірнеше сауал қойған едік.