Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
415 материал табылды

Өнер • 01 Қараша, 2021

Алматыны тербеген «Аққу көлі»

Жазылғанына жүз жылдан асса да, кезеңдерге құрдас болып, уақытпен бірге түлеп, балет деген атаудың бір баламасына айналып кеткен атақты «Аққу көлі» екі күн бойы Алматы жұртына естен кетпес кеш сыйлады. Операның отаны Италия болса, балеттің өніп, өркен жайған құтты мекені – Ресей, бекзат өнерді бүкіл әлемге мойындатқан Мәскеудің Үлкен театрының қос бірдей белгілі бишісінің орындауында аққулар тағдырын тамашалау – адам өмірінде де, мәдениетте де күнде бола бермейтін сирек сәттердің бірі.

Аймақтар • 29 Қазан, 2021

«Самаурыныңыз сарқылмасын»

Алыста қалған ауылды еске алғанда кер­нейінен түтіні будақтап, сексеуілдің шоғына сақылдап қайнап, екі иінінен дем алып, қою күрең шайымен жан жадыратып, дастар­қанның сәнін келтіретін ақ самаурын аңсатпай қоймайды.

Қазақстан • 28 Қазан, 2021

Тарихтың көшбасшы ұлы ұмытылмайды

Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғы­лым академиясының академигі, Мем­лекеттік сыйлықтың және Пре­зиденттің бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жыл­дығына арналған «Тарихшы және оның заманы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Өнер • 21 Қазан, 2021

«Қарагөз» жасырған шындық

«Қарагөзді» қоймаған қазақ театры жоқ. Талай талантты буын­ның тұсауын кескен М.Әуезовтің шығармасын әр кезеңнің ре­жис­серлері өзінше қабылдап, жаңаша сахналауға тырысып келеді.

Өнер • 18 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының камералық залына КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер, күйші-композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімі беріліп, мемориалдық тақтасы ашылды.

Өнер • 17 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі.

Өнер • 11 Қазан, 2021

Бедері бөлек Бөрте бейнесі

Әр дәуір Шыңғыс ханның тарихи тұлғасына өз көзқарасымен қарайды. Әлімсақтан әлем билеушісінің тарихи тұлғасына қызығушылық ілкі сәт тоқтаған емес. Тарих қоржыны ұлы қаған туралы дерекке толы. Аңыз керек пе – ертегіге бергісіз елітеді, ғылыми-зерттеулермен танығыңыз келе ме – кертіп алсаң да, түгесілмейді, әдеби шығарма оқисыз ба – қалауыңыз білсін, фильм көргіңіз келе ме – таңдағаныңызды тамашалаңыз, суреті мен мүсініне сұқтанғыңыз келе ме – саусақпен шертіп жүріп сусындаңыз.

Қазақстан • 05 Қазан, 2021

Киноорталықтағы комплаенс қызметі

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес квази­мем­лекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жем­қор­л­ыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттерін орын­дайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалуға тиіс.

Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Президент архивінің Маңғыстаудағы күндері

Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Руханижаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара Президент Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.

Кино • 30 Қыркүйек, 2021

Дәстүрді дәріптеген «Қарасаз көшелері»

Мұқағали Мақатаев туған Қарасаз ауылындағы әр тұрғынның, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ақын өлеңін жатқа оқитыны туралы жағымды дерек ақпарат құралдарында ара-тұра айтылып қалатын. Тарпаң талант туған қастерлі мекенді қазаққа таныстырып жату артық, «үйрек ұшып, қаз қонған» қасиетті Қарасаздың аты перзентінің даңқы әуелеп, әдебиеттің әйгілі тұлғасына айналғалы бері қатар қалықтап, бірге аталып келеді. Оның кіндігінен өрбіген ұл мен қыздың ақын өлеңдерін жатқа оқып, есімін ұлықтауы таңырқайтын жаңалық емес, солай болуы қалыпты заңдылық сияқты қабылданатыны сондықтан. Дегенмен ел арасындағы дақпырт дәйегі мол деректі дүниеге айналса ғана дәлелін табады.