Медицина • 08 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлері ерекше ота жасап, жұтқыншақтың қатерсіз өскінін алып тастады.
Қоғам • 03 Маусым, 2021
Әр балаға отбасынан артық қорған жоқ. Ата-ана үшін үйінің берекесін кіргізіп, ынтымағын сақтау, мейір-шапағатын төгіп, жылылықты қамтамасыз ету – тәрбиенің басы.
Коронавирус • 01 Маусым, 2021
Індет қаупі әлі сейілмеген күрделі кезеңде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға аса сақтықпен қараған жөн. Осы ретте балалар да ПТР-тесттен өткізіліп, Сovid-19 індеті анықталмаған жағдайда ғана лагерьлерге жіберілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Мамыр, 2021
Еңбек қауіпсіздігі – өнімді әрі сенімді жұмыс кепілі
Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету және өндірістік жарақат көрсеткішін төмендету – Үкімет алдындағы негізгі міндеттің бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7%, оның ішінде қайтыс болғандар саны 16,2%-ға азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Жүйелі медициналық көмек жалғасады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылы елорда тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 17,2 млрд теңге қарастырған. Бұл туралы аталған қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
Коронавирус • 20 Мамыр, 2021
Елімізде біраздан бері жүргізіліп жатқан жаппай вакциналау індетпен күресті ілгерілеткені анық. 19 мамырда Қазақстанда вакцина салдыртқандардың саны 1 898 604 адамға жетті. дегенмен вакциналаудың қарқыны айтарлықтай күшейер емес. Бұдан көпшіліктің көңілінде әлі де күмән мен күдік бар екені көрінеді. Сондықтан вакцинаға қатысты мәліметтер нақты, әрі ашық түрде жарияланып отыруы тиіс. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің сұрағына қарай жан-жақты мағлұмат берді.
Медицина • 17 Мамыр, 2021
Медициналық көмек жүйелі көрсетіледі
Халықтың денсаулығына ден қою одан сайын маңыздана түскен қазіргі сын сағатта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы ерекше назарда. Аталған қордың басқарма төрағасы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты мағлұмат беріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Пікір • 14 Мамыр, 2021
Жер-жаһан, адамзат тұтастығының, тыныштығының сақшысы – мейірім. Бұл, әлбетте, әуелден естіп жүрген «Әлемді мейірім құтқарады» деген ұғыммен үндес екені анық. Ал осы мейірім тұнған мекен, бейбітшілік бесігі – отбасы. Сондықтан бүкіл дүниенің бүтіндігіне басымдық беретін БҰҰ 1993 жылдан бастап 15 мамырды халықаралық отбасы күні деп бекіткен.
Медицина • 12 Мамыр, 2021
Елімізде күннен-күнге Covid-19 індетіне қарсы вакцина салдырып жатқан жұрттың қатары көбейіп келеді. 11 мамырдағы дерек бойынша 1 698 893 адам вакцина салдырды. Ерікті түрде жүргізіліп жатқан вакциналау кезінде азаматтарға қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген вакциналарды таңдауға да мүмкіндік қарастырылды. Қазақстанда өткен аптадан бастап ресейлік Спутник V мен отандық QazVac-қа қоса қытайлық Hayat-Vax вакцинасы да қолжетімді бола бастады. Әзірге халық Hayat-Vax туралы мәліметке толық қаныға қоймағандықтан, мұны салдырғандар да некен-саяқ.
Медицина • 27 Сәуір, 2021
Отандық QazVac вакцинасын егу басталды
Елімізде 26 сәуірден бастап ресми түрде отандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасын халыққа егу басталды. Осылайша, Қазақстан әлемде Сovid-19 індетіне қарсы өз вакцинасын әзірлеп, өндіріске шығарған саусақпен санарлық елдердің санатына қосылды.