Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1642 материал табылды

Руханият • 21 Маусым, 2020

Қарақұмдағы қазына

Сыр жерінің қай пұшпағында да көне тарихтың көп дерегін сақтаған көмбе бар. Олардың бірқатары қазір зерттелу үстінде, әлі көп көзіне түсе қоймаған қазына да аз емес. Қазалы ауданының Қарақұм беткейіндегі Тапа дейтін шағын елді мекенде қола дәуірінен қалған көп жәдігерді осы өңірдің байырғы тұрғыны Аманжол Жұмабеков жарты ғасырдан бері жинап келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Маусым, 2020

Күріш экспортының көлемі ұлғайды

Сыр бойының бренді саналатын күрішке шетелдер тарапынан да сұраныс жоғары. "Абзал және Компания" толық серіктестігінің "Элита" бренді Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Тәжікстан, Моңғолия мен Ауғанстанға экспортталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Маусым, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова: Санитарлық талап қатаң сақталуы керек

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 16 Маусым, 2020

Сор көлдер сорға айналмасын десек...

Қызылорда қаласындағы жаңа аудандар аумағында жерасты суынан жиналған көлшік көбейіп тұр. Қыста қатпайтын, жазда құрғамайтын осы сор көлдердің зардабын соған жақын қоныс­танғандар тартып-ақ келеді. Қалалық әкімдіктегі жауапты мамандардың айтуынша бұл жерлер кезінде үй құрылысы үшін берілген. Облыс орталығындағы 34 жер учаскесі аумағынан 24 сор көл анықталып, биылдың өзінде оның 12-сі жабылды.    

Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Қызылорда облысында бір аптада 3 адам суға кетті

Өткен аптада Қызылорда облысында 3 адам суға кетті. Құрбандардың алғашқысы 8 сынып оқушысы. Ол 12 маусым күні Тәжібаев ауылы тұсындағы Телікөл каналынан атпен өтпек болған кезінде суға кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Есірткі тасымалдаған Байқоңыр тұрғыны Аралда ұсталды

13 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық тас жолының 1324-шақырымында шетелдік мемлекеттік нөмірі бар автокөлікті тоқтатып, тексереді. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтағы  жолаушының сөмкесінен полиэтилен пакетте скочпен оралған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Қызылорда облысында көне кесене табылды

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылының маңында орналасқан Қышқала қалашығы орнынан көне кесене табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Қызылордада залалсыздандыру жұмыстары қайта қарқын алды

Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты қаланы инфекциядан залалсыздандыру жұмыстары қайта жанданды. Дезинфекциялауды №66597 әскери бөлімі мен арнайы мекемелер арқылы бекітілген қызметкерлер қарқынды жүргізуде. Олар аз уақыт ішінде 500 мың шаршы метр аумақты залалсыздандырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Жөнделген үй сапасын тұрғындар бақылайды

Биыл Қызылорда қаласындағы 32 көп қабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарыжүргізілуде. "Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғыртудың  2011-2020  жылдарға  арналған" бағдарламасы аясындаосыған дейін облыс орталығындағы 134 көп пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген.

Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Масаң күйде көлік айдаған азамат абақтыға қамалды

“Участок” жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі Керейтбаев көшесінің бойында “Мазда-626” автокөліктігін тоқтатады. Көлік руліндегі 52 жастағы  тұрғынның машинаны ешқандай құжатсыз және мас күйінде басқарғаны анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.