Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1642 материал табылды

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Қызылордада соңғы тәулікте 4 науқас тіркелді

Қызылорда облысында вирус жұқтырғандардың 450-і симптомды түріне, ал елуі сиптомсыз түріне шалдыққандар. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Биыл ауылға табиғи газ жетеді

Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды. Осыған орай елді мекенге барған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындары және «Сапақ» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен  кездесті.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Қызылорда облысында 180 отбасы баспаналы болды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауынан орын тепкен 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Қызылордада: Кәсіпкерлерге 6,5 млрд теңге шамасында жеңілдік берілген

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Facebook әлеуметтік желісінің «Бизнес в Кызылорде и Кызылординской области» тобындағы тікелей эфирде кәсіпкерлер сауалына жауап берген облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов айтты. Тікелей эфирге Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов та қатысты.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Жұмыс сапасын бақылау күшейеді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі «Мәңгілік Ел» мен «Қазақ елі» композициялық монумент кешендеріндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігермен кездесуде жұмыстың кемшін тұстары айтылып, оларды тез арада жою тапсырылды.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Қызылордада 1881 түлек мектеп бітірді

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев   «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін және барша түлектерді «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн құттықтады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

«Атамекендік» балалар университетте тегін оқиды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, Nur Otan партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Бейбіткүл Каримова балаларды қорғаудың халықаралық күніне күніне орай «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Есірткі өсірген қызылордалықтар ұсталды

Осы жылдың 1 маусымы мен 30 қазан аралығында Қызылорда облысы аумағында өтетін «Қарасора-2020»  арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 2 дерегін анықтады.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Қазалыда 42 жоба жүзеге асады

Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде.  Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Қызылорда облысында 47 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметі негізінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3-4 маусым күндері аймақтың оңтүстігінде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілетіндігін хабарлады.