Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қызылорда: Кәсіпкер көмек көрсетті
Сырдария ауданында #BizBirgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Расул Есенов 250 отбасыға көмек көрсетті.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қазалыда үш азамат әкімшілік қамауға алынды
Қазалы аудандық сотында құқық бұзған үш азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен әкімшілік іс қаралды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
COVID-2019: Шиелінің көрсеткіші неге көп?
Баяғы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі есіңізде ме?! Онда Қаратаудың ойында туған Кендебай бала жыл санап емес, күн санап өсіп, батыр болып жетіліп, Керқұласына мініп, елді барша мұратына жеткізетін еді ғой. Дәл қазір Сыр өңірінде күн сайын көбейіп келе жатқан кесел сол ертегіні тағы еске салып отыр. Елді қорғаған батыр есіміне кеселді телігенімізді оқырман кешіре жатар...
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Соңғы тәуліктің өзінде ғана Қызылорда облысында жаңадан вирус жұқтырған 23 тұрғын анықталып, жалпы науқастардың саны 92 адамға жетті. Күнделікті БАҚ өкілдері үшін онлайн брифинг өткізіп тұратын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов осының бәрі карантин тәртібін сақтамаудан болып отырғанын айтады.
Таным • 09 Сәуір, 2020
Сыр өңірінің Арал теңізі маңайындағы көнекөз қариялардың ақжолтай іске тілек қосып, бата бергенде лебізін «Ақиректе Арыстан баб..» деп бастайтыны бар. Ұлы далаға мұсылман дінін таратушы Арыстан баб кесенесінің тарихи қатпары қалың Отырар жерінде жатқанын білеміз. Ал Ақирек деген қай тұс? Әйгілі Қожа Ахмет Ясауиге ұстаз болған бабтың батада айтылатын Ақирекке қандай қатысы бар? Осы сауалдың тіні соңғы жылдары тарқатыла түсіп, Арыстан бабқа қатысты тағы бір көне сөздің сорабы айқындалды.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2020
Қызылорда: Шиеліде індетке шалдыққандар 47-ге жетті
Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 9 науқастың анықталғаны белгілі болды. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы Шиелі ауданынан тіркеліп отыр.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Қызылорда: Құжатта бар, қолда жоқ
Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарын өндірушілерге қосымша құн салығын 12 %-дан 8 %-ға дейін төмендетуге тапсырма берген болатын. Бұл қазір іске аса да бастады. Алайда бұл жеңілдіктен күрішшілер сырт қалайын деп тұр.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Дезинфекция дерттің таралуына тосқауыл қояды
Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу үшін №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер мамандары бүгінгі күнге дейін жалпы көлемі 356 мың шаршы метр болатын 131 аумақты залалсыздандырды.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Бас дәрігер талабы: Қонаққа бармаңыз, қонақ шақырмаңыз!
Кеше облыстың бас санитариялық дәрігерінің № 7 қаулысы қабылданды. Осыған дейінгі карантиндік шаралар күшейтіліп, кейбір шектеулер талабы қатая түсті. Өйтпеске тағы болмай тұр – өңірде дерт жұқтырғандардың қатары сәт санап өсіп барады.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Онлайн форматта отбасылық байқау өтті
Төтенше жағдай кезінде қоғам тыныштығын қорғаған полицейлердің жұмысы қауырт болатыны белгілі. Соған қарамастан олар отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын насихаттау шараларын да ұмыт қалдырмайды. Жуырда облыстық полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Мықты отбасы – есірткіден алшақ!» ұранымен онлайн форматта отбасылық конкурс ұйымдастырды.