Қоғам • 19 Шілде, 2022
«Қызылорда облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің алдында тұрмыз. Сырдария өзенінің қала аумағынан өтетін тұсы мен су айдындарын бақылауға кезекшілікке шығатын топқа қалалық төтенше жағдай басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Төремұрат тапсырма беріп жатыр. Сәлден кейін-ақ міндеті белгіленген мамандар көліктеріне беттей бастады. Бізді Қызылорда қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мәди Төрәлиев ала кетті.
Экология • 17 Шілде, 2022
Аймақтың экологиялық жағдайына зерттеу жасалды
Қазақстандағы АҚШ елшілігі ел аумағындағы жоғары оқу орындарында экология және қоршаған орта саласындағы негізгі оқу бағдарламаларын дамыту жобасын қолға алып, бастама аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік мамандар қазақстандық жас ғалымдарға дәріс өткізді. Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Джихуан Чен бастаған он күндік воркшопта отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары облыс аумағында далалық жұмыстар жүргізді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2022
Мемлекет басшысының халықпен кездесуді жаңа форматта өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының тұрғындарымен жүздесті. Жиынға Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Эльдар Күзенбаев қатысты.
Аймақтар • 08 Шілде, 2022
Саладағы мәселеге көңіл бөлінді
Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Жаңақорған ауданындағы сапары аясында Сүттіқұдық ауылдық округінде, Жайылма елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесті.
Аймақтар • 07 Шілде, 2022
Ел дамуында экономикамен қатар өнер мен мәдениеттің де алар орны ерекше. Осыдан да кезінде «Ел іші – өнер кеніші» атты байқау ұйымдастырылып, оған ірі орталықтардан шалғай жатқан ауыл тұрғындары қатысатын. Осы әуесқойлардың арасында кәсіби мамандардан кем түспей жататын өнерпаздар да кездесіп қалатын еді. Әйтеуір, осы байқаудың ауылдықтарды тағы бір қырынан танытып, елді рухани тәрбиелеуге қосатын үлесі үлкен болатын.
Медицина • 05 Шілде, 2022
Конго-Қырым безгегіне 15 адам шалдыққан
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 15-ке жетіп отыр. Оның 8-і зертханалық жолмен нақтыланғанын жеткізген сала мамандары облыс тұрғындарын зиянкестерден қорғанып жүруге шақырды. Олардың айтуынша, сырқаттанғанның көпшілігі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
Аймақтар • 04 Шілде, 2022
Шиелі ауданында бір күнде Ақмая, Алғабас ауылдары газға қосылды. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындарымен кездесуге келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, осы күнді көптен күткен тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Халықтың тұрмысына қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін айтып өтті.
Экология • 28 Маусым, 2022
Сырдария өзені биыл да арнасынан төмен түсіп, бар тіршілігі дарияға қараған жұртты абыржытып тұр. Тәңір тауындағы Нарын мен Қарадария өзендерінен бастау алатын Сырдың облыс аумағындағы ұзындығы – 1 274 шақырым. Ұлы даланы көктей өтіп, Аралға құятын Сырдария жағалауын аймақ халқының 85 пайызы мекен етеді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2022
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2022
«Қарасора» кезінде анықталған қылмыстар
«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.