Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
«ТВ+»: көкжиекті кеңейтетін платформа
Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі ең ірі байланыс операторы саналатын «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясы IPTV технологиясы бойынша қызмет көрсететін жаңа заманның телевизиялық хабар тарату қызметін – «ТВ+» жобасын таныстырды. Бұл жоба үйіміздегі эфирді басқаруға және бір мезгілде бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік береді.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2021
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Бірліктің бірегей институты саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз күні енді ел жадынан ешуақытта өшпейді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Еліміздегі азаматтық қоғамның даму жолы мен өркендеу кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ үкіметтік емес ұйымдар Тұңғыш Президентіміздің сенімді серігіне айналды. Тіпті үкіметтік емес секторды дамытудың қазақстандық үлгісі қалыптасты деуге болады. Соның нәтижесінде өткен 30 жылда ел дамуына елеулі үлес қоса алатын, азаматтық қоғамның ауыр жүгін арқалай алатын жаңа буын өсіп-жетілді.
Қоғам • 22 Ақпан, 2021
Әділетті мемлекет құру қадамдары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында еліміздегі прокуратура органдарының қызметіне ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берген болатын. Жүктелген міндет жүйелі жолға қойылып, Мемлекет басшысының тапсырмасы ойдағыдай орындалды. Оған еліміздің Бас прокуратурасында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлы жобалары таныстырылған кезде көз жеткіздік.
Саясат • 17 Ақпан, 2021
Алапат ашаршылық ақиқаты: Қоғамдық пікір ғылыми көзқарасқа негізделуі тиіс
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: Ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында белгілі отандық және шетелдік ғалымдар қазақ даласындағы ашаршылықтың зардабы, себебі мен салдары туралы кеңінен пікір алысты.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2021
Қос азаматтық – қауіпті құбылыс
Өткен жылы еліміздегі 585 тұрғынның қос азаматтығы анықталды.
Саясат • 03 Ақпан, 2021
Жауынгерлік әзірлік тексерілді
Қарулы Күштердің жұмысын тексеру кезеңі басталды. Талдықорған гарнизонының жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері дабыл бойынша бірінші болып көтерілді. Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов тексерді.
Саясат • 01 Ақпан, 2021
Игі бастамалармен ерекшеленген жыл
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онлайн форматта тікелей эфирден көрсетіліп, бейнеконференц-байланыс арқылы ұйымдастырылған жиын барысында ведомствоның өткен жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, биылғы жоспарлары мен жобалары талқыланды.
Саясат • 28 Қаңтар, 2021
Теңсіздікті жоюдың тиімді тәсілі
Биыл 1 шілдеден бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) күшіне енеді. Сарапшылардың пікірінше, аталған кодекстің қабылдануы мемлекет үшін маңызды оқиға. Себебі жаңа кодекске бірқатар жаңашылдықпен қатар, материалдық және процедуралық тұрғыдан тиімді нормалар енгізілген.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2021
Қоғаммен байланыс қолдау тапты
Адалдықтан аттамайтын қоғам құру үшін жемқорлыққа қарсы амалдар мен әрекеттерді барынша насихаттау, жалпақ жұртқа жеткізу аса қажет-ақ. Отандастарымыз заңнан аттамаудың маңызын ұғынып, осынау жағымсыз әрекеттің мәніне үңілген кезде ғана әлем сүйсінетін, болашақ ұрпақтың үмітін үкілей алатын мемлекет құра аламыз. Осы бағытта оң қадамдар жасалынып та жатыр.