Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021
Жаңа құралдарға қарсы жаңа тәсілдер
Алматы облысына қарасты «Іле» полигонында десанттық шабуылдаушы әскерлердің жауынгерлік оқу-жаттығу жиыны өтті. Жаттығу барысында тәжірибе жүзінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің жаңа тәсілдері қолданылды. Жиынға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысып, оқу-жаттығу барысымен танысты.
Технология • 25 Қаңтар, 2021
Технология қарқынды дамып жатқан ғасырда армияның бәсекеге қабілеттілігі көбінесе цифрландыру деңгейіне байланысты. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың ойынша, бұл қадам цифрлы трансформациядан басталуы тиіс. Сол себепті ең алдымен Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерде ақпараттық-технологиялық архитектураны әзірлеу қажет.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2021
Әскери ғалымдардың әлеуеті зор («Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты – соның айғағы)
Атақты қолбасшы Ю.Цезарьдің «Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал» деген қанатты сөзі бар. Қанды айқастың бетін аулақ қылсын, алайда сәт сайын түрленіп жатқан әлемде бәріне де дайын болған абзал. Себебі ғылым мен техника бейбіт өмірде ғана емес, әсіресе әскери салада қарыштап дамып жатқанын қаперден шығаруға болмайды. Осы мәселені отандық ғалымдарымыз да ой сүзгісінен өткізіп, еліміздің қорғаныс саласына қомақты үлес қосуға күш салу үстінде.
Саясат • 22 Қаңтар, 2021
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін алдағы даму жылдарында алдын алуды қажет ететін бірқатар олқы тұсымыз бар екенін жасырмай айтып жүрміз. Басқасы басқа, ел экономикасын елеулі шығынға батырып, халықтың сеніміне секем мен селкеу түсіріп келе жатқан сыбайлас жемқорлықтан арылғанымыз шамалы. Адалдықтың ала жібінен аттағандардың қай-қайсысы болсын әлі жетсе жымқырып, сәті түссе қымқырып қалғылары келеді.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2021
Қоғамды дүрліктірген заң жобасы (Азаматтардың арыз-талабы ескеріле ме?)
Өткен жылы 23 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап, бірауыздан мақұлдаған болатын. Алайда аталған заң жобасындағы бірқатар баптар мен тармақтарға қатысты қоғам белсенділері қайратты қарсылық танытып, қызу талқылау жүргізіп жатыр. Тіпті онлайн-петиция ұйымдастырып, қарсылық білдірушілердің қатарын көбейтіп жатқандар да бар.
Саясат • 14 Қаңтар, 2021
Депутаттық мандаттар айқындалды
Қазақстан Халық партиясының XVII кезектен тыс съезі өтті. Съезд барысында халықшылдар Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын қорытындылап, парламенттік фракцияның өкілдерін таңдады.
Саясат • 14 Қаңтар, 2021
Қорғаныс ведомствосында комиссия төрағасы, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жоспар бекітілді. Отырыс бейнеконференция режімінде өтті.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Сайлаушыларға алғысын білдірді
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев ұйымға қолдау білдіріп, дауыс берген сайлаушыларға шынайы алғысын айтты. Сондай-ақ партия төрағасы сайлау науқаны кезінде барлық партияларға тең жағдай жасалғанын жеткізді.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Өрескел заң бұзушылық болған жоқ
Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Қазақстан кәсіподақтары федерациясы байқаушылары республикалық штабының төрағасы Нұрлан ӨтешевПарламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау кезіндегі жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады.
Пікір • 12 Қаңтар, 2021
ТМД миссиясы: Ашық әрі әділ өтті
Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау барысын байқауға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылары Миссиясының қорытынды баспасөз мәслихаты өтті. Онда сайлау науқанына жүргізілген халықаралық мониторингтің қорытындылары шығарылды.