Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
321 материал табылды

Парламент • 27 Қараша, 2020

Қазақстан Парламентін қалыптастырушы

Кеше елордада «Елбасы Н.Ә.На­зар­­баевтың қазақстандық пар­ламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақыры­бында халықаралық парламенттік бейнеконференция өтті. Дәстүрлі шараны Қазақстанның Парламент Мәжілісі Тұңғыш Президент күні­не орай ұйымдастырды.

Қоғам • 24 Қараша, 2020

Құлынын ұрлатып, құрығын ұстап қалды

Айлап-жылдап баққан малдан әп-сәтте айырылып қалу – кімге де болсын оңайға соқпайды. Алайда соған қарап жатқан ұры бар ма? Біреудің еткен еңбегі, төккен тері екен демей-ақ сәті түссе сан соқтырып кетуге дайын тұрады. Ал төрт түлігін төлдетіп, саусам – сүтім, сойсам – етім, сатсам – қандай да бір қаражатым деп отырған адал еңбектің иелері қайтпек сонда? Өткен он айдың өзінде еліміздің 350 азаматына мал ұрлады деген айып тағылып отыр.

Қоғам • 23 Қараша, 2020

Қысқы жол: қамданбай жүрудің қаупі бар

Күнтізбеде күз мезгілі демесеңіз, қара жерді ақ қар, көк мұздың жапқанына біраз уақыт болды. Әрине, әр аймақта жағдай әрқалай. Қазақстанның барлық өңірі бір мезгілде қар жамылып үлгермесе де алып территориямыздың көп бөлігі қысты қарсы алып қойған. Әйтсе де «қыс шанасын жаз сайлап алған» автокөлік жүргізушілері қаннен қаперсіз. «Темір тұлпарын» қыс мезгіліне сай тиісті техникалық жағдайға келтірмеген жандар көптеп табылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін алаңдататын да осы жайт.

Саясат • 23 Қараша, 2020

«Қазақ Республикасы» атауын қайтаруды ұсынды

Өткен аптада «Ақ жол» демократия­лық партиясының XVI сайлауалды құ­рылтайы өтті. Аталған құрылтай еліміздегі эпидемиялық жағдайға ­байланысты онлайн режімде ұйымдастырылып, онда партияның сайлау­алды бағдарламасы, сайлауалды дайындықтың өзекті ба­ғыт­тары, сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі талқыланды.

Қоғам • 20 Қараша, 2020

Он жылда 12 пайыз ғана өсеміз бе?

Қуатты мемлекеттің даму даңғылын даралайтын ең негізгі фактор – халық санының өсімі. Алайда жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орынға тұрақтаған еліміздің демография мәселесінде діттеген межеге әлі жете алмай келе жатқаны алаңдатады.

Саясат • 20 Қараша, 2020

Ұлт саулығы ұрланбауы тиіс

Денсаулық сақтау министрлігінде бірінші вице-министр Ма­рат Шорановтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігімен бірлескен сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне сыртқы талдау жүргізу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Қоғам • 20 Қараша, 2020

Далаға шашқанша, балаға шаш

Өмір болған соң сан түрлі тағдыр, алуан түрлі оқиға болады. Күні кеше айрылмастай болып қосылған жандардың уақыт өте келе көңілі жараспай, арманы ұштаспай ажырасып жататындары жанға батады. Басқасы басқа, мұндай кезде жаутаңдап қалған жазықсыз баланы аяйсың. Себебі, барын баласына шашып үйренген адамдардың өзі ажырасқан соң жауапкершіліктен жалтарып, алимент төлеуден бұлтарып жататыны бар.

Қоғам • 18 Қараша, 2020

Жүк пойызы жылқы қақты

Елімізде тіркелетін жол-көлік оқиғаларының басым көпші­лігі қараусыз жүрген төрт түліктің салдарынан болады. Құқық қорғау органдары осы мәселе туралы жұртшылықты құлақ­тандырудай-ақ құлақтандырып жатқанымен, оқыс оқиғалар саны азаймай тұр. Мәселен, жуырда көлік полицейлері 8 жылқының иесін анықтап, оны темір жол бойында мал жай­ғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Саясат • 18 Қараша, 2020

Қаржы пирамидасының қақпанына түсіп қалмаңыз

Елімізде қаржы пирамидасына қатысты алаяқтық қылмыстары жылдан-жылға өршіп барады. Құқық қорғау органдары қарапайым тұрғындарды қанша құлақтандырғанымен әккі айлакерлердің тұзағына түсетіндер саны азаяр емес. Бел ауыртып, білек талдырмай пайдаға кенелудің де кемшін тұсы барын осыдан аңғаруға болатын-сынды. Осы жылдың өзінде тәртіп сақшылары аталған мәселе бойынша 250 қылмыстық істі тіркеп, 98 адамды жауапкершілікке тартты.

Саясат • 12 Қараша, 2020

Психотропты заттар: Саналы ұрпақтың санасын уламайық

Ұлт тамырына балта шабудың бірден-бір жолы – оның санасын улау. Алуан түрлі ақпараттық шабуылдарды емес, ертеңгі ел үмітінің денсаулығына, ой­лау қабілетіне, тұрмыс-тірші­лігіне тікелей әсер ететін тура мағынасында айтып отырмыз. Мәселен, ел жастарын елітетін есірткі саудасы тыйылмай тұр. Өткен он айдың өзінде осы есірткі мәселесіне қатысты 1950 қылмыстық іс тіркелді.