Аймақтар • 06 Мамыр, 2023
Жетісуда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі 8 ардагер ғана қалды. Оларды әлеуметтік қолдау іс-шаралары тұрақты жалғасын тауып отыр. Осыған орай биыл жергілікті бюджеттен біржолғы материалдық көмек төлеуге 12 млн теңге бөлінген. Одан бөлек, жыл басынан бері батырларымызға коммуналдық қызметтер үшін 250 мың теңге төленген екен.
Құрылыс • 06 Мамыр, 2023
Қараталдағы құрылыс нысандары. Бірі артық, бірі кем…
Қаратал ауданына қарасты Кәлпе ауылындағы орта мектепте 300-ге жуық бала тәлім алады. Өткен ғасырдың 70 жылдары қабырғасы қаланған білім ордасына күрделі жөндеу жүргізу үшін қазынадан 1,6 млрд теңге бөлінген еді. Бұл қаражат – негізінен 960 балалық мектепке арналған қаржы. Егер нысан заманауи тұрғыда қайта жаңғырып ашылатын болса, 60 пайызы бос қалатын түрі бар. Шағын ауылға үлкен мектеп шырай бергенімен, мерейін шығаратын шәкірт тапшы. Ал мамандар оны әу баста ескермеген.
Құрылыс • 05 Мамыр, 2023
Жетісудың орталығы – Талдықорған қаласында тұрғын үйге 15 мыңнан астам адам кезекте тұр. Биыл жоспарға сай 2 мыңға жуық адам баспаналы болмақ. Қазір осы өңірден шыққан меценаттар да шама-шарқынша жетісулықтарға пәтер сыйлап жатыр. Бұл – облыс бюджетіне үлкен көмек. Мәселен, жыл соңына дейін өңір орталығындағы 50 көппәтерлі үй ел игілігіне беріледі.
Әскер • 04 Мамыр, 2023
Сарыөзек гарнизонына қарасты әскери бөлімнің тарихы терең. 1945 жылы 372-Қызыл тулы мотоатқыштар дивизиясының құрамында 21-жеке танк батальоны болып құрылған. 1955 жылы батальон 301-танкілік полк мәртебесін иеленеді. Кейіннен 1966 жылы Сарыөзек ауылына көшірілген гарнизон бүгінде еліміздің Қарулы Күштерінде ең беделді әскери бөлім саналады.
Медицина • 03 Мамыр, 2023
Пышаққа түсу кімге де болса оңай емес. Әйтсе де қазір ауру жас таңдамайды. Талдықорған қаласында белгілі хирург Нұрлан Арын балаларға тегін күрделі операция жасады. Одан бөлек, облыстық кардиологиялық орталығының базасында да осындай игі дүние жалғасын тапты.
Тұлға • 03 Мамыр, 2023
Жетісу өңірінде уағында 4 қант зауыты жұмыс істеген. Ол тұста шаруалардың жауапкершілігін өкімет өз мойнына алатын. Ал тиісінше кәсіп иелері мемлекет бекіткен межені артығымен орындауға күш салатын. Бұл пропорция жүз пайыз елді ұйыстырған қарекет еді. Осы жайында бізге қант қызылшасын егуден өңірдің «чемпионы» атанған Әкімбай Зәкірбайұлы әңгімелеп берді.
Қоғам • 02 Мамыр, 2023
Сталин мен Гитлердің не айырмашылығы бар? Ешқандай, мәселе мұрттарында ғана… Сіз осыған келесіз бе? Біз соғысты қолдаған емеспіз. Өйткені онда адамшылық, сезім жоқ.
Фотогалерея • 02 Мамыр, 2023
Әр дәуірдің өз бояуы бар. Қарап отырып таңырқайсыз, тамсанасыз. Иә, әркім тарих бетін өзінше әрлейді. Сенсеңіз, сол суреттер әлі де біздің көңілімізді тербейді. Біз көрген палитрадағы түстер сан алуан. Оны салған – біртуар суретші Әбілхан Қастеев.
Ауыл • 30 Сәуір, 2023
Енесін іздеп қозы-лақтың маңырауы өрістің сәні емес пе? Қыстан малы аман шыққан жетісулық шопандардың бүгінде көңілі жайлы. Мал төлдету науқаны бойынша 90 пайызға жуығы төлдеп болған. Әр 100 саулықтан 90-нан қозы-лақ алу межеленіп отыр. Біз осы орайда Көксу ауданына барып, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің әңгімесін тыңдап қайттық.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2023
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) жұмысын бастады. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс пен туризмнің дамуына арқау болған бекеттің жұмысы жаңаша жанданбақ.