Туризм • 08 Маусым, 2023
Алакөл демалушыларды күтуге даяр
Маусым айының 5-інен бастап Алакөлге келіп демалсаңыздар болады. Маусым ашық. Шипалы көлдің кереметін көзбен көруге асығыңыз. Себебі биыл халықтың қарасы былтырғыдан да көп болмақ. Жергілікті билік өкілдері қонақүйін сайлап, жолын жөндеп, туристерді қабылдауға дайын отыр.
Медицина • 07 Маусым, 2023
Шалғайдағы елді мекендер медицинаға көп жүгіне бермейді. Оған бірден-бір себеп – тұрмыстың шырғалаңы. Осы ретте Жетісуда жылжымалы медицина кешені қызмет етеді. Ол ауыл-аймақты тегістей аралап, әрқайсысында бір ай бойы тұрғындарды қабылдайды.
Экология • 06 Маусым, 2023
Экологиялық мәселелер елді екіұдай көңіл күйге түсіретіні белгілі. Бұл ретте табиғаты көркем Жетісу өңірінің де жайы басты назарда. Неге десеңіз, туризмнің тұтқасына айналған өңірді мұндай түйткілдің төңіректеп жүретіні даусыз. Дегенмен мамандар облыстағы экологиялық жағдай басқа өңірлермен салыстырғанда қолайлы екенін айтып жүр.
Мәселе • 06 Маусым, 2023
Былтыр Жетісуда аэроғарыштық зерттеулер нәтижесінде 857,2 мың гектар бос жатқан жер анықталған. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға алған ірі шаруалар сол жерді ешқандай игілікті іске жаратпаған. Енді 4 166 қожалық иелігіндегі ұлан-ғайыр аумақты мамандар мемлекет меншігіне тапсырды. Биыл да бұл үрдіс жалғасын табады.
Сауда • 06 Маусым, 2023
Қытаймен саудасы қызған Жетісу
Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялық облыстары арасындағы достық және сауда-экономикалық қарым-қатынас жандана түспек. Осы жөнінде екі тарап өзара келісімге келді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастаған делегация жұмыс сапарымен ҚХР-ға барып, осындай игілікті бастамаға қол жеткізді.
Өнер • 01 Маусым, 2023
Қызық қой, кейде біреудің шимай-шатпағы ұлы өнердің бір парасы болуы мүмкін. Бәрі көзқарасқа байланысты. Мәселен, теңіз жағасынан жүрек пішіндес тас іздедіңіз делік. Күн ұзаққа қанша жерді шарласаңыз да таба алмадыңыз. Неге? Себебі сіздің өзіңізде жүрек болмай, өзгенің жүрегін көрмейсіз. Бұл алогизм емес әрі интуицияны да дәріптегіміз келіп отырған жоқ. Бұл – априория.
Қоғам • 30 Мамыр, 2023
Ашаршылық жылдарының азабы ұмытылмайды
Ашаршылық жылдарындағы азапты оқиғалар тізбесі ежелгі Ақмоланың емлесіне жазылды. Уездің бастан кешкен қасіреті құжаттардан менмұндалайды. Сол саяси қуғын-сүргін кезіндегі деректер Астана қалалық мемлекеттік архивінде айшықталып тұр. Осы ретте мекеме директоры Берік Төребековпен дидарласқан едік.
Музей • 29 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Жетісуға келген сапарында туризм саласына қатысты мәселелерді тізбектей келіп, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейіне арнайы тоқталған еді. Ескірген нысанның жөндеу көрмегеніне бірнеше жыл болған. Енді ұлы ғалым атындағы шаңырақ жаңғыртылып, кетеуі кеткен кесенесі жөнделеді.
Өнер • 29 Мамыр, 2023
Жетісудан сүйінші сұрап тұрмыз. Тұңғыш рет облыста эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Бұл күн өңір тарихында алтын әріппен жазылары анық.
Денсаулық • 28 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын 12 оңалту орталығын ашуды тапсырған еді. Осы тапсырмаға сәйкес былтыр Жаркент қаласында мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы есігін ашты. Аталған мекемеде білікті мамандар заманауи техниканың көмегімен ем-дом шараларын жүргізеді. Бүгінде ата-аналар орталық мамандарының қызметіне ризашылығын білдіріп жатыр.