Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Жүз жастағы қария дауыс берді

Жетісу облысы Жаркент қаласында алғашқылардың бірі болып, қала тұрғыны, 100 жастағы қария Зейнелхан Оспанова дауыс берді. 12 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Сайлауға келіп, сыйлық алды

Жетісу облысындағы Үштөбе қаласында бірқатар сайлау учаскесінде ойын ұйымдастырылып, сайлауға келген сайлаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.  

Экономика • 18 Қараша, 2022

Чили компаниясы Жетісуға келеді

Чилилік «ME-Elecmetal» компаниясы тау-кен өндірісі саласында шикізатты Қытайдағы кен орнынан жеткізіп, Жетісу аймағында өңдеу ісімен айналыспақ. Олардың жылына 100-140 мың тонна жоғары сапалы өнім өндіру жоспары бар.

Қоғам • 17 Қараша, 2022

Көпбалалы кәсіпкер

Қазір отбасы құрамында төрт бала болса, ата-анаға қоғам болып көмек қолын созуға тырысамыз. Аталған шаңыраққа әлеуметтік жәрдемнің де ауылы алыс емес. Сол сәтте жеті ұлды жеткізген байырғы ер мінезді шешелеріміз еске түсетіні бар. Білесіз бе, біз сондай бір жанға жолықтық. Ол – 14 баланың анасы Гүлназ Шәкенова. Көпбалалы ана шағын кәсіпті де меңгерген. Бүгінде есік алдына дәмхана ашып, Сарыөзек ауылының сәнін келтіріп отыр.

Медицина • 16 Қараша, 2022

Өзі барып емдейді

Жетісуда облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендер жетіп артылады. Сол себепті кейбір ауылдар жылжымалы меди­циналық кешеннің көмегіне зәру. Осы орайда қаладан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында бейінді мамандардан құрылған топ 10 айда 62 066 адамды тексеруден өткізген. Оның ішінде 7 604-і бала екен.

Таным • 16 Қараша, 2022

Ғалидың ғажап аудармасы

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Ғали Ормановтың туғанына – 115 жыл. 1939-1945 жылдар аралығында жыр алыбы Жамбылдың әдеби хатшысы болып қызмет атқарған қаламгер аудар­­­машылықпен де ай­на­лыс­қан. «Анна Ка­ре­нина» романын алғаш қа­зақша сөй­леткен жазу­шы­ның ең­бегі араға ұзақ жылдар салып қайта басылып шықты.

Аймақтар • 16 Қараша, 2022

«Достық – Мойынты» темір жолы жанданады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір жарым жыл бұрын VI Шығыс экономикалық форумында Қытаймен арадағы көлік қатынасын кеңейту мақсатында «Достық – Мойынты» жаңа темір жол желісі салынатынын айтқан болатын.

Таным • 15 Қараша, 2022

Балбалтастарға тіл бітсе...

Адам уақыттың даусын естімейді. Біз бәрібір түбі фотоальбомға айналамыз. Әрі кетсе газеттің соңғы бетіне суретіміз жарияланар, болмаса көзкөргендердің естелігі ретінде ауада қалқимыз. Мүмкін үйдің іргесін сәндеу үшін салынған муралға әрі кетсе отбасылық күнтізбеден көрінерміз. Ал ұлылар ше? Ұлылар мұражайға жайғасады. Бірақ дәл қай күні екенін айта алмаймын. Сіз музейге не үшін барасыз? Әрине, соның бәрін көзбен көру үшін...

Білім • 15 Қараша, 2022

Жетісуда – жеті мектеп

Жетісу облысында 2023-2025 жылдар аралығында 7 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз 7 200 оқушы жаңа білім ордасына барады деген сөз. Атап айтсақ, Талдықорған қаласында – 4, Көксу ауданында – 1, Панфилов ауданында – 1, Алакөл ауданында 1 мектеп бой көтермек. Жалпы қаржы көлемі 36,2 млрд теңгені құрайды. Мұны Сарыөзек ауылына келіп, тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Өңірдегі оң істер

Алдағы үш жылда Жетісуда 12 балабақша, 14 мектеп, 2 колледж және 100 орындық жатақхана салынады. Мұны өңірге арнайы іссапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.