Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Іргесі енді қаланған Жетісу облысында еңбек дауы ел ішінде келіспеушіліктің бір түйткілі болып отыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік инвесторлар мен жергілікті халық арасында туындаған келеңсіздіктер көбіне жерлестеріміздің жайын күйттегенімен, еңбек қатынасына едәуір сенімсіздік ұялатты. Оған дәлел Алматы – Өскемен – Қалбатау бағытындағы автобанды салу кезіндегі жағдай, Кербұлақ ауданындағы «Alacem» ЖШС-ның цемент зауытындағы дау-шарғылар. Одан бөлек қаншама мәселе етектен тартуда.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Былтыр еліміз балдырғандарға барынша жағдай жасады. Соған бір дәлел – ауыл-аймақтардағы балабақша санының артуы. Жақында Жетісуда екі бірдей нысан ел игілігіне берілді. Бірі – ел көптен күткен балабақша болса, екіншісі – заманға сай жабдықталған оқу орталығы.
Руханият • 09 Қаңтар, 2023
Тарих қалай тіл қатса, біз де солай сөйлейміз. Қайран, Мамания мектебі! Қазақ баласына алғаш әліппе үйреткен әулие шаңырақ. Алаштың алыптарына ақуыз білім беріп, ақтолқын жылдардың азабын көтерген топырақтың бүгінде шаңы шығып жатыр. Қасиетіне қазақ бойлай алмады, әй бойлай да алмас... Тек есті естелік қана Маман байдың мәртебесін менмұндалайды. Сондай бір өнегелі деректер «Ақсудың Алтынсарині» атанған Бұғытай Айсеркеновтің күнделігінде қатталған екен. Ендігі сөз сол жайында.
Медицина • 09 Қаңтар, 2023
Электромагниттік сәуленің зияны
Балаларды электромагниттік өрістердің зиянды әсерінен қорғау – әркімнің міндеті. Әсіресе, мектеп қабырғасындағы оқушыларды әртүрлі жарықтан сақтау қажет. Неге десеңіз, қалыптасып келе жатқан тұлғаға электромагниттік сәулелер кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, Жетісуда 34 білім беру нысанында электромагниттік өріс көрсеткіштерінің артуы анықталған. Бұл көрсеткіш – білім ордаларына үлкен сын.
Экономика • 09 Қаңтар, 2023
Өзара ынтымақтастық – экономика алғышарты
ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялық республикасының арнайы делегациясы Жетісу облысымен әріптестік меморандумға қол қойды. Құрметті қонақтарға арналған дөңгелек үстел отырысын жүргізген облыс әкімі Бейбіт Исабаев екі елдің арасын біріктірген экономикалық, мәдени, рухани байланыстарды таныстырып, Жетісу жерінің жетістігін алға тартты.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Панфилов ауданында 3 жаңа нысан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 110 орынды модульді мектеп, 284 орынды балабақша, 50 адамға арналған спортзал елге есігін ашты. Жаңа нысандардың іске қосылуы нәтижесінде 75 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Тамшылатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың бірден-бір жолы. Егін шаруасымен айналысатын кәсіп иелері осы тәсілдің пайдасын жақсы түйсінеді. Әйтсе де, суару машиналарына шамалары жете бермейді. Осы ретте Жетісуда жаңбырлатып суару қондырғыларын шығаратын кәсіпорын ашылмақ. Оның құны сырттағы бағамен салыстырғанда екі есе төмен. Қазір осы мақсатта Түркиядан келген инвесторлармен іскерлік келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2023
Жиырма алты жылдан кейінгі қауышу
Жазмыш дейтін бір шырғалаң, тағдырыңыз қандай қиыншылық дайындап тұрғаны белгісіз. Біздіңше, тірі жүріп туған жеріне жете алмаудан ауыр қасірет жоқ. Бүгін сондай бір оқиғадан сыр тартпақпыз. Жоғалған қырғыз елінің азаматы 26 жылдан соң Талдықорғаннан табылды.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2022
Деректер қазақ қарпінде «сөйлейді»
Байырғы Ақмола, Атбасар уездері тарихына қатысты деректер жетерлік. Әйтсе де, бұл – әлі жүйелі зерттелмеген мәселелердің бірі. Мұның ең басты себебі – құжаттар төте жазумен жазылған. Бүгінде төте жазуды оқитын адам некен-саяқ. Осы орайда Астана қаласының мемлекеттік архиві сақталған құжаттарды қазақ әрпіне көшіру үшін арабтанушылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Оқиға • 21 Желтоқсан, 2022
«Бай-қуатты болайық» деп халқының жүрегіне жол салған жампоз журналист Нұртілеу Иманғалиұлын білмейтін қазақ жоқ шығар! Ақпарат саласының қара нарына айналған бірегей тұлға көзі тірісінде ел руханиятына сүбелі үлес қосып, ұлт тележурналистикасының қалыптасуына бар қажыр-қайратын жұмсады.