Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Өнер • 29 Қараша, 2022

Қасқыр

Ұлы суретші Марк Китли Американы сүйді, топырағына табынды, табиғатына сыйынды. Көркем өнердің конституциясын жазған Париж заңына бағынбады. Ол туған жеріне қасқырдай адал болды. Мұны тіпті бояумен де әдіптеді. Алғашқы картинасы – мәңгілік сағынышының мекені болды.

Медицина • 28 Қараша, 2022

Көкжардағы модульді медпункт

Шалғай ауылда тұратын халық­тың бір тілегі – медицина қызме­тінің сапасын арттыру мәсе­лесі. Жетісуда алыс елді мекендер же­­тер­л­ік. Соның бірі – Алакөл ау­да­­нына қарасты Көкжар ауы­лы. Осы күнге дейін аудан орта­лы­­ғына сабылған жұрт­тың тіле­гі орындалды. Енді тұрғын­дар ауыл­дағы жаңа мо­дульді мед­пункт­­тен алғашқы көмекті ала алады.

Қоғам • 28 Қараша, 2022

Маңызы зор мәдени жоба

Қазақстанда алғаш рет Астана қаласының мемлекеттік архиві базасында Swiss-sasem Open Space Astana мәдени-ағарту жобасы ұсынылды. Бұл – Швейцарияның Экономика және менедж­мент жөніндегі қолданбалы ғылымдар мектебімен бірлескен бастама. Оның тиімділігі сол, оқырманға қажет дүниеге еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Медицина • 27 Қараша, 2022

Қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі

Жетісуда алғаш рет облыстық көпсалалы клиниканың директоры Мадияр Өмірбаевтың басшылығымен радиожиілік абляциясын пайдалана отырып, қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Бұл тәсілдің өңір тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуде маңызы зор.

Спорт • 25 Қараша, 2022

Чемпион оқушылар

Әлемдік додада жүлделі болу үшін спортшыға үлкен жүрек қажет. Бұл – мектепте оқып жүріп, үлкен спортқа үйір болған оқушы үшін де басты міндет. Мұны Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері жақсы түйсінеді. Оған Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсуден жеңімпаз болған жастар дәлел.

Экономика • 24 Қараша, 2022

Қоғалының қызыл картобы қайда?

Қазіргі Кербұлақ аймағы Гвардия ауданы аталып тұрған шақта алыстағы Алматыға жылына 24 мың тонна картоп жеткізетін. Бұл – ел сүйсінген Қоғалының қызыл картобы еді. Сол ауылдың тұрғындары Ресейге қарай беттеген вагон-вагон көкөністі көзбен көрген. Кеңшарлар әр гектарға 4 тонна тұқым сеуіп, 8 тонна өнім алған екен. Қазір мұның бәрі аңыз сияқты. Әйтсе де, сол ел қызыққан Қоғалының қызыл картобы қайда?

Аймақтар • 24 Қараша, 2022

Жобаны жандандыратын келіссөз

Жетісуда «Hubei Kelison» индустриалды паркі құрылысы­ның жобасы тоқтап тұр. 2020 жылы басталған «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» деп аталатын өндірістер ­мен логистикалық қызметті ұйымдастыру жоспарының әзірге 10 пайызы ғана орындалған.

Қоғам • 22 Қараша, 2022

Көгілдір отынды үйге қосудың қиындығы

Жетісулықтар «әне келеді, міне келеді» деп көгілдір отынды құтты қонақтай күтіп жүр. Мердігер компаниялар құбыр тартуды межелі күнге дейін бітіргенімен, атқа­рылған істен шикіліктер шыға береді. Мәселен, Талдықорған қалалық газ желі­лерінің 80 пайызы тексеріліп, газ кемуіне қатысты 19 факті анықталды. Ал газды тұрғындар үйге тартайын десе құны қымбат. Халық жергілікті әкімдікке наразы.

Қоғам • 21 Қараша, 2022

Саумалдан сабын өндірген

Бие сүтінің мың да бір ауруға ем еке­ніне ешкім күмән келтірмес. Қазақтың «ағы бардың бағы бар» деп бекерден бекер тәпсірлемесі та­ғы аян. Сүттен ай­ран, қатық, құрт әзірлеген аналары­мыздың жылы-жұмсақ дәмі қашанда тәбетті ашады. Ал енді «саумалдан сабын дайындады» дегенді бұрын-сонды естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, Қапалға келіңіз.

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Жетісу облысында жас жұбайлар сайлау учаскесіне барды

Некелері қиыла салып, сайлау учаскесіне дауыс беруге келген жас жұбайлар елді таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.