Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Өнер • 16 Наурыз, 2021

Дәуір дауысы

Алшаңдап басқан, аршындап шапқан Алаш баласының басынан талай ғасыр аунаса да көмейінен шыққан күмбір уақыт құлағында мәңгі қалды. Құзғын жылдар тұяққа басқанымен қазақтың қоңырау үні құмығып шыққан емес. Ұлы даланың уысында еркін көсілді, еркіндікті еншіледі. Тарих тақтасына жазылған жақұт жазбалар баба рухының асқақтығын айғақтады. Ұлысты ұрпақ соған қарап ұрдажық дәуірді кескіндеді. Болашақ қолындағы қалам тербелді, қылқалам сөйледі. Бұл сурет – соның бірі.

Руханият • 15 Наурыз, 2021

Алаңсыз күндердің әлдиі

Құмсағат ғұмырдың қызығына түсіп қалаға қарай қырбайладық. Қара жол хан шаһарға тартты. Қаракөз қалды жаутаңдап. Қараорман армандардың арасында адастық. Қариялар «көңіл қам болмасын» деп қалтасындағы мен кеудесіндегінің бәрін жиып берді. Дүниеге жаңа өрнек салардай желпіндік келіп. Бірақ құлақтан кекілін артқа тараған албырт күндердің әуені кетпейді. Неге? Не себепті? Оның жауабы осы картинада.

Әдебиет • 14 Наурыз, 2021

Талдықорған әкімдігі Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановты ажырата алмай ма?

Талдықорған қаласының әкімдігі желідегі ресми парақшасында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақалаға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 11 Наурыз, 2021

Батпырауық қуған жан

Рас, бұл тақырыпты атақты жазушы Халид Хусейннен тікелей сұрай алмасым анық болғасын, тікелей «ұрлап» алып отырмын. Түсінесіз бе, тек қана тақырып үшін. Тақырып болғанда да тиісінше менің өмірімнің ең шуақты сәтін сызып беретін балалық шаққа сәл ғана саяхат жасап көру ниетімен. Себебі, «батпырауық» деген сөздің өзі балалық шақтың балбалтасы дегендей әдемі естіліп, ескі күннен жаңғырып-жаңарған жаңа лента ұсынады.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

Көзіңде сенің көктем жүр

Бұл көктем де адамзаттың алғашқы көктемі сияқты. Мезгілдің мерейлі сәтінде дүние кемесі басқа арнаға бұрылардай көңілің әлденеге зарық болады да тұрады. Аңсар жүректің әуеніне құлақ тоссаңыз, сұлу салған ән жаныңызды баурай жөнеледі. Жаңарған жасыл әлемнің құшағында жаныңыз ләззат табатындай. Әйтсе де ештеңе өзгерген жоқ, бәрі де бәз-баяғыдай. Тек терезеден көктем қарап тұр. Адамзаттың алғашқы көктемі секілді.

Елбасы • 11 Наурыз, 2021

Елдік пен ерлік киесі

Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткен соң ұлттық мәдениет пен ұлан-байтақ дәстүрді тануға ұмтылыс басталды. Ұлттық дамудың семіп қалған тамырына қайта нәр құйылып, өркениеттің тәжі тұғырға қонды. Өткенді мұқият зерделемей келешектің кемелденбесін ұқтық. Мемлекетіміздің тарихи бастауларына сапар шегіп, құс қанаты талатын Ұлы даланы қорғап қалған бағзы бабаларымызға тағзым жасадық. Сол тиекті тағылымға «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мұрындық болды. Бұл тәуекел ел мүддесін көздеген ең ұлы оқиғалар шеруіне ұласты.

Руханият • 09 Наурыз, 2021

Сұлулыққа табыну

Жо-жоқ, бұл мақаланы жазуға көктемнің түк қатысы жоқ. Әйтсе де әңгіме ауаны сұлулық символына айналған Мэрилин Монро жайлы. Бірақ біз әртіс хақында ғана емес, әйел затының әдемілігі турасында сөйлескіміз келеді. Әрине, парасат биігінде. Солай дегеннің өзінде, тіпті сіз ойлағандай сұлулыққа қойылар талап өзгергенімен әдемілікке келгенде әйгілі әртістен айналып кете алмасымызды түсіндік.

Руханият • 05 Наурыз, 2021

Татьянаның тәтті жымиысы

Сұлулыққа мұнша құштар болармысың, дүние! Орыс қызының теңіз жанары тағы да алдымыздан шықты. Көңілге іңкәр бейнесі күлімсіреп қарап тұр. Маған, сізге, оған... бәрімізге бірдей көзқараста. Оның келбетіне ұзақ үңілген сайын қымсынамыз. Құдды, өзіне сонша сүйсінгенімізге өкпелейтіндей.

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Ақ халаттылардың абзал бейнесі

Жаһандық індетпен жан ұшыра алысқан ақ халатты абзал жан­­дарға қандай құр­­мет көрсетсе де ла­йық­ты. Ауыр дертпен арпалысқан дәрі­гер­лердің құрметіне орай Ұлттық музейде «Жақ­сы дәрігер» атты фотокөрменің ашы­лу салтанаты мен «Ба­тырлар өз ортамызда» кітабының /white book/ тұсаукесер рәсімі өтті.

Елбасы • 02 Наурыз, 2021

Ұлы мұраттарға ұмтылыс

Тәуелсіздікті әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оны – ар мен ождан айқасы десе, бірі Тәңірден келген тәтті сыйға балайды. Әрине, алғашқы теңеудің артық-кемі жоқ. Ал екіншісі көңілдің желімен айтылған лала лебіздей көрінеді кейде.