
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Рас, бұл тақырыпты атақты жазушы Халид Хусейннен тікелей сұрай алмасым анық болғасын, тікелей «ұрлап» алып отырмын. Түсінесіз бе, тек қана тақырып үшін. Тақырып болғанда да тиісінше менің өмірімнің ең шуақты сәтін сызып беретін балалық шаққа сәл ғана саяхат жасап көру ниетімен. Себебі, «батпырауық» деген сөздің өзі балалық шақтың балбалтасы дегендей әдемі естіліп, ескі күннен жаңғырып-жаңарған жаңа лента ұсынады.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
Бұл көктем де адамзаттың алғашқы көктемі сияқты. Мезгілдің мерейлі сәтінде дүние кемесі басқа арнаға бұрылардай көңілің әлденеге зарық болады да тұрады. Аңсар жүректің әуеніне құлақ тоссаңыз, сұлу салған ән жаныңызды баурай жөнеледі. Жаңарған жасыл әлемнің құшағында жаныңыз ләззат табатындай. Әйтсе де ештеңе өзгерген жоқ, бәрі де бәз-баяғыдай. Тек терезеден көктем қарап тұр. Адамзаттың алғашқы көктемі секілді.
Елбасы • 11 Наурыз, 2021
Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткен соң ұлттық мәдениет пен ұлан-байтақ дәстүрді тануға ұмтылыс басталды. Ұлттық дамудың семіп қалған тамырына қайта нәр құйылып, өркениеттің тәжі тұғырға қонды. Өткенді мұқият зерделемей келешектің кемелденбесін ұқтық. Мемлекетіміздің тарихи бастауларына сапар шегіп, құс қанаты талатын Ұлы даланы қорғап қалған бағзы бабаларымызға тағзым жасадық. Сол тиекті тағылымға «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мұрындық болды. Бұл тәуекел ел мүддесін көздеген ең ұлы оқиғалар шеруіне ұласты.
Руханият • 09 Наурыз, 2021
Жо-жоқ, бұл мақаланы жазуға көктемнің түк қатысы жоқ. Әйтсе де әңгіме ауаны сұлулық символына айналған Мэрилин Монро жайлы. Бірақ біз әртіс хақында ғана емес, әйел затының әдемілігі турасында сөйлескіміз келеді. Әрине, парасат биігінде. Солай дегеннің өзінде, тіпті сіз ойлағандай сұлулыққа қойылар талап өзгергенімен әдемілікке келгенде әйгілі әртістен айналып кете алмасымызды түсіндік.
Руханият • 05 Наурыз, 2021
Сұлулыққа мұнша құштар болармысың, дүние! Орыс қызының теңіз жанары тағы да алдымыздан шықты. Көңілге іңкәр бейнесі күлімсіреп қарап тұр. Маған, сізге, оған... бәрімізге бірдей көзқараста. Оның келбетіне ұзақ үңілген сайын қымсынамыз. Құдды, өзіне сонша сүйсінгенімізге өкпелейтіндей.
Руханият • 04 Наурыз, 2021
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Жаһандық індетпен жан ұшыра алысқан ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсе де лайықты. Ауыр дертпен арпалысқан дәрігерлердің құрметіне орай Ұлттық музейде «Жақсы дәрігер» атты фотокөрменің ашылу салтанаты мен «Батырлар өз ортамызда» кітабының /white book/ тұсаукесер рәсімі өтті.
Елбасы • 02 Наурыз, 2021
Тәуелсіздікті әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оны – ар мен ождан айқасы десе, бірі Тәңірден келген тәтті сыйға балайды. Әрине, алғашқы теңеудің артық-кемі жоқ. Ал екіншісі көңілдің желімен айтылған лала лебіздей көрінеді кейде.
Өнер • 01 Наурыз, 2021
Алдияр оқырман, алдымен «Синяя вечность» әнін қосыңызшы, сосын барып біз айтар сөз желісіне ілесуіңізді сұраймыз
Тарих • 25 Ақпан, 2021
XVIII ғасырда француз әскерінде қара киізден жасалған бас киім кию сәнге айналды. Сол тұста шеттері жоғары бүгілген дөңгелек пішінді қалпақтар Еуропаны дүр сілкінткен сарбаздарды ерекшелендіріп тұрды. Алайда уақыт империя тарихының бүкіл кезеңін тек бір бас киіммен бейнеленеді. Ол атақты Наполеонның «кішкентай шляпасы» еді.
Тарих • 24 Ақпан, 2021
Екі ел арасындағы мәдени байланыс
Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік архиві екі ел арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығын арттыру мақсатында Ресей Федерациясы Ульянов облысының жаңа тарихы мемлекеттік архивімен өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz