Тарих • 18 Қараша, 2020
Көргенді кісінің көңілі қашанда көл. Көптің де, аздың да қадіріне бойлай алады. Бұл әдет байырғы қазақтың тамырымен тіндесіп, мәдениетін тіпті көркем көрсеткен. Ал бүгін ше? Құндылықтар өзгерген тұста ұлттық болмысымыздың уығы шежірелі шаңырағымызды нық көтеріп тұр ма? Ойланып көріңізші... Әлде ескіден қалған есті әдепті есіктен әрі аттатпай, босағадан телміртіп қоямыз ба? Заман өзгерді дегеннің өзінде, бұл қылық бізге жараса ма? Бабалар аманаты дала мінезді халықтың жүрегінен нұр шашып тұруы тиіс еді ғой...
Оқиға • 16 Қараша, 2020
Ғасырлар бойы ел жадында мәңгі өшпес мұраға айналған түбі бір түркі халқының мәдени жауһарлары мен тауаңды тарихы екені белгілі. Сол асыл дүниелерден бастау алған бауырластық бүгінде әлемді еріксіз таңғалдыруда. Оған тағы бір дәлел – Ұлттық музейде ашылған «Көне түркі өркениеті» залы.
Руханият • 16 Қараша, 2020
Сұрапыл соғыстың мұң бояуы басым ең ұлы картинасы арудың көз жасы тамған хаттар мен жауынгердің әні секілді көрінеді кейде. Кейде дейміз-ау, ажалдың ауылына аттанған солдаттың сүйгенімен қоштасарда артына үздіге қарағаны қимастықтың отына өртенгені емес пе? Сонда жанына дауа болатын бойжеткеннің естелікке берген кестелі орамалы ғана. Жан қалтасында жұпар шашып, көңіліне нұр төгіп, өмірге құштарлығын арттырады. Кейін бәрі аяқталған соң сол орамал әнге ұласып, бораған оққа бөгет болған махаббаттың символына айналып кете баратыны қызық!
Ауыл • 09 Қараша, 2020
Ахуалың қалай, ауыл кітапханасы?
Идеологиясыз мемлекет – мүгедек десек, оның түп бастауында кітапхана тұрғанын байқамау мүмкін емес. Жасырып-жабары жоқ, сол рухани шаңырағымыздың бүгінгі халі аса мәз емес. «Оңалып келеді» деп өндіршек созғанымызбен, әлі орақпен егін орып жүргендейміз. Әуелі экономикасының әуеніне төңкеріліп, руханиятты босағадан телміртіп қойған еуропалықтар сырт көзге мықты көрінгенімен, іштей мүжілуде. Мәдени дағдарыс мұқым елдің мұңына айналды. Сіз ойлап қараңыз, былтырдың өзінде елімізде 66 ауылдық кітапхана жабылыпты. Кезекте тұрғаны қаншама?
Әдебиет • 06 Қараша, 2020
Орыстың әйдік ақыны Пушкин атақты «Капитан қызы» повесінің алғашқы нұсқасын отқа тастаған деседі. Шала туған шығармасының алдынан мешел ғұмыр күтіп тұрғанын бағдарлаған Набоков пен Достоевский де соны қайталайды. Енді қараңыз, сол күлге айналған қолжазбалар оларды шығармашылықтың биік шыңына алып шығады ғой. Ал Михаил Булгаков «қолжазбалар жанбайды» деп нүктелегенімен, данышпан Гоголь бұл сөзді жоққа шығарыпты. Бұл қатарға әдебиет тазалығын ойлаған Борис Пастернактың қиқарлығын да қосып қойыңыз.
Өнер • 04 Қараша, 2020
Кетпен тауының етегінде ауық-ауық асыршыл достарымен асық ойнап жүретін Қарадаланың қарадомалақ баласының аусары өнерге ауды. Әкесімін бірге ат ерттеп, жайлауға шыққанда қолына түскен ұзынды-қысқалы таяқты ұрғылап, даланы басына көтеріп айқайлап ән салатын. Баласының әнтек қылығына қызыққан әкесі, жақсы ырымға жорып, домбыра сатып әпереді. Қос ішекті киелі аспап қолына түскен сәттен бастап бес жасар бұзықтың бар ермегі сол болыпты. Міне, дәстүрлі өнерге деген құштарлық сол сәтте өрісін кеңге жайған еді.
Тарих • 04 Қараша, 2020
Дәуір алмасса да дәстүрін дәріптеуге іңкәр, бабадан қалған өсиетті, дала ділмарының тарихтан аршылған аңызын ауыздан-ауызға жеткізген халықтың даналығына дала бойлар ма? Шарайна жерді тітіреткен, семсер сілтесер қарсылас қалдырмаған түркінің ерлігін жырлар болсақ таң асыра толғанарымыз хақ. Бұл жолғы әңгіменің де әуені сол жақтан естіледі. Күміс қасты ердің үстінде батырларымыз тұлпар тізгіндеп, тебісімен жұмыр жерді теңселткен. Сондағы ер-тұрман оғланның ожданындай бағалы саналған. Алыптардың айбынды тұлғасына астар болған жауһар жәдігер-тұғын.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Уақыт маңдайына жазылған жәдігерлер
Дөңгелеген дүниеге дүрбі салсаңыз, көшпенділердің құйқалы топырағы қашаннан құтты өлкеге айналғанына көзіңіз жетеді. Құдды әлімсақтан бері байтақ даламыздың түкпір-түкпірінде ұлылықтың дәні себілгендей. Әу бастан тектілік біздің қанымызға дарыпты. Кемелділік пен кенендік кереқарыс маңдайымызға бұйырыпты. Оның айқын көрінісі – бағзыдан бүгінге алтын жіптей арқау болған шежірелі мұрағаттар. Ал біз сол қазына артқан толағай дәуірлердің қадіріне жеттік пе? Осыған жауап іздеп көрейікші...
Руханият • 04 Қараша, 2020
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай жылы ел көлемінде кеңінен аталып өтіп, халықаралық деңгейде де көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Хакімнің шығармалары шетел тілдеріне аударылып таратылды.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, әрі Ұлттық музей мен Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты заманауи иллюстрациялық-кітап көрмесі өтті.