Қоғам • 11 Қыркүйек, 2020
Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілуде
Тіршіліктің күре тамырын жалғастырушы, өмірдің өзегі ардақты аналарымыз деп жатамыз. Алтын құрсақты аналарға алтыннан алқа тағып, құрмет көрсетуде ешкімнен қалыс қалып жатқанымыз жоқ. Мемлекет әлеуметтік көмек беруде де аянып қалмақ емес. Жуықта ғана Өскемендегі көп балалы аналардың бірі баспаналы болса, енді бірі кәсібін ашты.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020
Шығыс Қазақстан облысында балықшылар адасып кеткен
Зайсан көлінің бетінде адасып кеткен балықшылар полицияға қоңырау шалуға мәжбүр болған. Қалың қамыстың арасында қайықпен жүрген олар, жағаны таппай қалған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2020
Тарбағатай тау сілемдерінің Қытай шекарасына таяу тұсындағы Қарабас және Ақберлі тауларында тасқа орнатылған түйме пішіндес шойын геодезиялық белгі бар. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің айтуынша, бұл НКВД-ның мөрі.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020
26,5 мың оқушы мен мұғалімге компьютер беріледі
Жуырда «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына сатып алынған компьютерлерді бөлу ашықтығы» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Көрмедегі құнды деректерге толы көне кітаптарға көпшіліктің назары ауды. Тым-тым ертеде шыққан жауһар кітаптар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті кітапханасының сирек қорында сақтаулы. Сирек қордағы 63 ұлттың әліппесі де көрмеде көрініс тапқан.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Жақындары үшін жұдырықтай жұмылған
Еліміздегі пандемия кезінде адамдар бір-біріне бауырмалдық танытып, көмек қолын созып жатқаны көңіл қуантады. Қысылтаяң кезде тығырықтан өзара жол тауып шығудың өзі ауызбіршіліктің белгісі. Індет іргеге келгенде береке-бірлігі бекем аудандар қор ашып, түскен қаржыға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар сатып алып жатты.
Таным • 07 Қыркүйек, 2020
Шығыстың шығыстағы нүктесі – Шындығатай. Болды, одан әрі қалың жыныс, биігін бұлт шалған қожыр шыңдар. Солтүстік-шығысын Ресей, оңтүстік жағын Қытай жайлаған. Тура тартсаң – шекарасы бізбен шектеспейтін Моңғолия. Каспийге дейін созылып жатқан қазақтың ұлан-ғайыр қасиетті даласы сол Шындығатайдан басталады.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020
Ауылға 6 миллионның әжетханасы қажет пе?
Катонқарағай ауданының Берел ауылына қойылған санитарлық-гигиеналық торапты дәретхана халық арасында әртүрлі пікір туғызып жатыр. Даулы пікірге өзек болған негізгі мәселе – дәретхананың құнында. Екі кабиналы дәретхана бағасы 6 млн теңгеге жуық. Шекараға таяу ауылдардағы еңселі үйдің өзі 6 млн теңге тұрмаған соң тұрғындардың күмәнмен қарауы да қисынды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2020
Төрт баланы мас жүргізуші қағып кеткен
Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылында алкагольді ішімдік ішкен жүргізуші төрт баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Қараталда соққан дауыл 15 үйдің шатырын ұшырды
Бүгін Зайсан ауданы, Қаратал ауылында кешкі сағат алтылар шамасында қатты дауыл соғып, бірнеше үйдің шатырын ұшырып кеткен.