Білім • 26 Қаңтар, 2023
Қазақ мектебі неге қағажу көреді?
Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебінің қос корпусы да қаусап тұр. Ғимараттың бірі 1937 жылы салынса, екіншісі 1960 жылы бой көтеріпті. Қырық жылда қазан жаңарғанымен, Риддердегі қазақ мектебі жаңармаған. Кеңес өкіметінен қалған көне ғимараттарда Жаңа Қазақстанның балалары білім алып жатыр. Мәселенің мән-жайын білмек ниетте «Шаңырақ» көпсалалы мектеп гимназиясына барып қайттық.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Риддер жылу электр станциясындағы көмір жеткізу трактісі іске қосылды
Өрт 19 қаңтар күні болған. Қалпына келтіру жұмыстары бес күнге созылды. Осы күндер ішінде жұмыс бір минутқа да тоқтамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2023
Ескілікті естелік ретінде сақтап қалу үшін суретші әрі журналист Руслан Шақабаев Семейдің көне ғимараттарын қарындашпен қағазға түсіріп жүрген еді. Стилі ерек, жанры бөлек суреттері жинақталған соң ол Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Терезелер» атты графикалық жеке көрмесін ашты.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023
Мыңғыртып қой-ешкі асырағанмен, қырыққан жүні ысырап болып, күресінде жатыр. Рас, қолда бар тері мен жүнді кәдеге жарата алмай келе жатырмыз. Есесіне жүннен тоқылған киім-кешекті, былғары күртелерді шетелден жеткіземіз. Шығыста тері мен жүн өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Әйтеуір, Көкпекті ауданының тұрғыны Нұрилә Мақым халықтан жүн қабылдап, көрпе, жастық тігетін кішігірім цех ашыпты. Соған қуандық. Шаруаны дөңгелетіп әкету үшін мемлекеттен қолдау болса деп тіледік.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023
Риддер қаласындағы жылыту электр орталығындағы жағдай оңалып келе жатқандай еді, кеше көмір цехынан өрт шығып, 280 шаршы метр жер отқа оранды. Орын алған жағдайға байланысты қалада жылу температурасы төмендеуі мүмкін.
Экология • 20 Қаңтар, 2023
Аң-құстарды қолдан қоректендіреді
Шығыс өңірінде өткен жылдын соңы мен 2023 жылдын басындағы ауа райынын тұрақсыздығы жабайы жануарларға да қолайсыз болып тұр. Күн райының боранды болып, тауда қардың қалың жаууы жабайы аңдардың қоректенуіне кедергі келтірді. Сондықтан түз тағыларын қоректендіру жұмыстары Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жылдағы жоспарға сай атқарылып жатыр.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО басшылығын сынға алды
Бүгін Риддер қазандығында көмір беру цехынан өрт шығып, 280 шаршы метр жер отқа оранды. Орын алған жағдайға байланысты қалада жылу температурасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Қаңтар, 2023
1994 жылдың қысы. Боран ауылының тас төбесіне табақтай болып, ай шыққан. Айнала Петербордың ақ түні секілді, күндізгідей жап-жарық. Арғы беттен бастау алатын Қара Ертістің аңғарындағы сыңсыған орманнан өзгеше рең, өзгеше бояу байқалады. Жағадан шамдары самаладай жарқыраған ауыл да ерекше көрінер еді. Бозарған аспанда жұлдыздардың жымыңдағаны қандай әдемі?! Биыл ғана оқуын аяқтап, ауылына оралған жас суретші Ержан Тұрғанбаев күнде қайталана бермейтін табиғаттың таңғажайып осынау құбылысын қалай да қағазға түсіріп алғысы келген.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023
Маралдар осылай жосады екен...
Барқытбелдің күншығысында Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылғалы дала қойнауындағы аң саны көбейген. Бас-басымен санап алмаса да, марал, елік көзге жиі ұшырайтын болған. Кейінгі жылдары Қарабастан арқар да ауғанды қойды.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Күршім бағытындағы Бұқтырма су қоймасынан көліктер жаздыгүні пароммен қатынаса, қыста көк мұздың үстімен зулайды. Мұздың аты – мұз. Айтты, айтпады, кейбір күндері шытынап тұрады. Күні кеше мұз үстінде тағы бір оқыс оқиға орын алды.