Ауа райы • 13 Қаңтар, 2023
Қалың қарда қалай жан сақтайды?
Қыс қатты биыл. Әсіресе желтоқсан айының соңында Шығыс Қазақстан өңірі қар құрсауында қалды. Апталап тұрған боранды күндері халық елді мекендерден аттап баса алмады. Тәуекелге бел буып, жолаушылай шыққандары жолда қалды. Оқыс оқиғалар да аз болмаған. Ең қиыны, «малым – жаным садағасы...» деп отырған ауылдағы ағайынның жағдайы. Ала жаздай тыраштанып жинаған аз-маз шөппен төрт түлікті қыстан алып шыға аламыз ба деп алаңдайды.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Мал ұрлап, күнелтіп жүргендердің жазасы ауыр. Былтыр заңдық нормалар қайта қаралып, күшейтілген. Соның өзінде ұрылар аяқ тартар емес. Жуықта Шығыс Қазақстан облысының үш тұрғыны жайылымда жүрген жылқыны атып алған.
Ауа райы • 11 Қаңтар, 2023
2 қаңтар. Ақ түтек боран. Қар белуардан. Семейден келген демалушылар Қазымбет ауылынан 6 шақырым жердегі алты ай жаз қайнап жататын омарта шаруашылығына серуендеп қайтпақ болып, мотошаңғымен жолға шыққан. Отбасылы үш демалушылардың бірі 9 жастағы қыз бала еді...
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023
Шығыста неше күннен бері ат құлағы көрінбес боран соқты. 28 желтоқсаннан бастап күре жолдардағы қозғалыстарға шектеу қойылды. Барлық бағытқа кешкі сағат 18:30-дан соң шығуға тыйым салынды. Қарлы боран үдеп, қозғалыс қиындап кеткен соң облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тығырықтан шығу жолдары талқыланды. Қолға алынған шаралардың бәрі жолаушылар қауіпсіздігі үшін еді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік нысан құрылыстары қашан аяқталады?
Шығыс Қазақстан тұрғындарының көкейінде жүрген үлкен мәселенің бірі – құрылысы сағыздай созылған Өскемен – Талдықорған, Омбы – Майқапшағай бағытындағы күре жолдар. Сондай-ақ Өскемен – Алтай арасындағы асуға салынып жатқан төте жолдың аяқсыз қалғанына да алаңдайды ел. Бұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысы мерзімінде пайдалануға беріле ме деген күмәнді ой және бар.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2022
Аспалы жолда қалғандар «құтқарылды»
Өскеменнің іргесіндегі шаңғы базасында төтенше жағдай орын алып, туристердің бірі биіктегі арқан жолында қалып қойған. Шартты түрде құтқарушылардың біліктіліктерін арттыру үшін оқу-жаттығу жұмыстарында осындай тапсырма жоспарланған екен.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2022
Жабайы жануарларда шекара жоқ. Мезгілдің ауысуына, күн райының құбылуына байланысты немесе табиғи апаттар болса, көшіп-қонып жүре береді. Дегенмен ерекше қорғалатын аумақтардағы аң-құстар қорықшылардың қорғауында.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2022
Кейінгі бес жылда Өскеменде мұндай қалың қар жаумаған. Бір метрге жуық түскен қардан аяқ алып жүру мұң болды. Көліктердің қозғалысы да қиындаған. Бүкіл қаладағы қарды тазарту үшін 86 техника мен 150-ден аса адам жұмылдырылған екен. Соның өзінде күреп үлгермей жатыр.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2022
Көкпектілік Рамазан Маханов жұмыссыз жүрген соқталдай жігіттерге үлгі. Денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шыққанымен, қол қусырып бос жатқан жоқ. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, асыл тұқымды тауық өсіруге кіріскен.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2022
Шығыс Қазақстанда әкесі ұлына оқ атты
Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.