Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1104 материал табылды

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2022

Тұлғаның орны – төр

Өнер музейінде «Тарихымыздың ұлы тұлғалары» атты үлкен көрме ашылды. Тақыры­бы салмақты, ауқымы кең. Сондықтан да суретшілер бұл іс-шараға ұзақ дайындалды. Ойланды, толғанды, ондаған эскиз сызды. Көңілден шыққан нобайды бірі кенепке түсірсе, енді бірі графика жанрында бейнеледі. Байқауға қомақты қаржы тігілгенімен, қылқалам шеберлері шығармашылыққа бір-бірімен ақылдаса отырып кіріскен.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2022

Өскеменді қар басты

Тәулік бойы жауған қардың кесірінен Өскеменде қозғалыс қиындады. Көлікті қойып, жаяу жүргіншілердің жүруі мұң еді. Бүкіл қаладағы қарды тазалауға 86 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылған екен. Соның өзінде жолдарды тазалап үлгермей жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 14 Желтоқсан, 2022

Сәуле Рахметуллина: Өңірлік университеттің берері мол

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысы жоғары болатын 5 мамандықты атаған еді. Оның ішінде инженерлік саланы ерекше атап көрсетті. Бұл ретте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналады. Осыған орай, оның ректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллинаға жолығып, өзі басқарып отырған жоғары оқу орнының жинақтаған тәжірибесі мен алдағы жоспарлары жайлы айтып беруін сұраған едік.

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2022

Үскірік аяз, ақ түтек боран

Желтоқсан тумай қыс қаһарын көрсетіп үлгерді. Алдымен ақ тү­тек боран соқты, артынша аяз қысты. Өскеменнің өзінде сынап бағанасы -30-35 градусты көр­сетсе, Алтай ауданында -45 гра­дусқа дейін жетті. Бұл күндері тө­тен­ше жағдайлар мен жол поли­ция қы­зметкерлерінде тыным болмады.

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2022

Құндызға құрылған фототұзақ

Сонау биік шың-құздарды мекен ететін қар барысы секілді кәдімгі су құндызы да көзге түсе бермейді екен ғой. Осы күнге дейін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары Бұқтырманың жағасынан тек іздерін ғана байқап келген. Жуықта ғана фототұзақ құрып, бейнетаспаға түсіріп алыпты.

Аймақтар • 29 Қараша, 2022

Қазандық ақауы түзетіле ме?

Әдетте қыс қамына жаздың күні кірісер еді. Шаруаға ебі бар басшылар отын-көмірді түгендеп, жылу қазандықтарын қадағалап, ақау болса, ретке келтіріп қояды. Бізде қалай? Әбден қыс түсіп, қирағанда байбалам саламыз. Айтпай келетін табиғи апат емес, кетеуі кетіп тұрған темір қарусыз көзге көрінбеуші ме еді?! Содан ұзын-сонар жиын өткізіп, «мәселе назарымызда» деп, суық пәтерде жылу күткен халықты жұбатамыз. Айтайық деп отырғанымыз – түпкілікті шешіле қоймаған Риддер қаласындағы жылу энергия қазандығының проблемасы.

Қоғам • 28 Қараша, 2022

Мал дәрігерлеріне мәртебе керек

Осы Ауыл шаруашылығы министрі мал дәрігері деген мамандардың барын біле ме екен? Қысы-жазы төрт түліктің соңында салақтап жүрген мал дәрігерлерінде не мәртебе, не мардымды жалақы жоқ. Білесіздер, малдан шыққан індет адамға тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан да шығар, «дәрігер адамды, мал дәрігері адамзатты емдейді» дейді. Дегеннен не пайда?! Ветеринарияның берекесі кетіп тұрса...

Медицина • 27 Қараша, 2022

Шыңғыс Мантаев, мануалды терапевт: Бабалардың ем-шара тәсілін қолданамын

Бұрын осы хондроз, ортроз, сколиоз секіл­ді ауруларды естіп пе едіңіз?! Одан қалса, буын аурулары деген шықты. Егде жастағылардың ғана емес, жастар арасында да белең алған. Оның бірден-бір себебі – қи­мыл-қозғалыстың аздығы деседі дәрігер­лер. Солай. Ал емі қандай? Біреу­ге болмаса, біреуге пайдасы тиіп қалар деп, бұл туралы елімізге белгілі өскемендік мануалды терапевт Шыңғыс Мантаевтан сұрағанбыз.

Аймақтар • 23 Қараша, 2022

Күре жолдар күреліп тұрса...

«Қыс маусымына техникалар сақадай сай» деп сансыз есептер берілгенімен, қар түскен күні омбылап қалатынымыз өтірік емес. Күре жолдар күрелмей, көп техника үлгермей жатқанын да неше байқадық. Нақтырақ айтсақ, облыстың жолдарын қыс маусымында күтіп ұстау үшін 518 техника жұмылдырылған екен. 

Қоғам • 21 Қараша, 2022

Қадыр шыңы

Әлі күнге дейін жер-су атауларына мән бере бермейді екенбіз. Кеңес кезінде, одан бұрынырақта Н.Рерих, В.Сапожников секілді жиһанкез жазушылардың тау-тасқа, өзен-көлге қойып кеткен атауларынан әлі арыла алмай келе жатқан жайымыз бар.