Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1104 материал табылды

Руханият • 17 Қазан, 2022

«Мария жартасы»

Бетін балдыр басқан көлдің өр жағындағы жақпар тасты шыңнан нәп-нәзік қыз мүсіні етекке көз тастайды. Қараңыз, мүсінші кейіпкердің жан дүниесіне үңіліп барып соққаны сезіледі. Шемонаиханың шет жағындағы бұл биікті халық «Марьин утес» атап кеткелі қашан?! Қазақшаласақ, «Мария жартасы». Мұңға батып, тас мүсін болып тұрған ол қыз кім дейсіз ғой...

Сұхбат • 13 Қазан, 2022

Лұқбек Тумашинов: Біз құндылықтарды қадірлейміз

Шынтуайтына келгенде, Шығыс Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан облыс. Қолға алынған тың жобалар, ілкімді істер аз емес. Жуықта облыс әкімі Даниал Ахметовтің облыстық мәслихат депутаттарымен есептік кездесуінде облыстағы атқарылып жатқан жұмыстар, өңірдің басты жетістіктері мен болашағы туралы айтылды. Кездесуден кейін біз депутат, кәсіпкер Лұқбек Тумашиновпен әңгімелескен едік.

Сұхбат • 12 Қазан, 2022

Ғалия Бөкей: Ауылда да Оралхан Бөкейдің қарашаңырағын жаңғыртсам деймін

Шыңғыстайға табаны тиген ел ең алдымен Оралханды іздейді, Оралхан тұрған үйді көргісі келеді. Алайда Оралхан деп алып ұшып жеткен жұрт үйінің ауласынан қайтып жүр. Жазушының қарашаңырағы кезінде музей болып ашылғанымен, жетпіс жылдығынан соң есігі тарс жабылған. Не үшін, нендей себеппен жабылып қалғаны көпшілікке беймәлім. Әйтеуір, «Оралханның үйі жабық тұр» деп жылына бір шуласып қаламыз. Жуықта көптің көңілінде жүрген осы сауалға жауап іздеп, жазушының қарындасы Ғалия Бөкейге хабарластық.

Қоғам • 06 Қазан, 2022

Ескерілмеген ереже, тексерілмеген жағалау...

Су – тілсіз жау. Жаз бастала сала Төтенше жағдайлар департаменті маман­дары суға шомылудағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ескерту жа­саумен болады. Соның өзінде суға батып, қайтыс болғандар саны аз емес. Облыста 1 қыркүйектен бастап шомылу маусымы ресми түрде аяқта­лып, жуықта құтқарушы мамандар жаздай атқарған жұмыстарын қоры­тындылады.

Қоғам • 05 Қазан, 2022

Бәрінің қалауы – бейбіт өмір

Ресейде мобилизациялау туралы жарлық шыға сала, кейбір азаматтары қолға қару алғаннан гөрі шекара асып кетуді дұрыс көрген. Шиеленіскен бұл жағдай шығысқазақстандықтарды да бейжай қалдырмады. Облыс­тың 800 шақырымдай ше­карасы Ресеймен шектесіп жатқан соң да алаңдайды. Әл­бетте, бас сау­ғалап келген Ре­сей азаматта­рын кеудеден ите­рейін деген еш­кім жоқ. Бірақ қым­бат­шы­лық қысып тұрған шақта пәтер ба­ға­сының шарық­тап кеткеніне кү­йінеді ел.

Қоғам • 03 Қазан, 2022

Елде қылмыс азайған

Еліміздің Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Өскемендегі «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде өңір жұртшылығымен кездесіп, салада қолға алынған ауқымды реформаларды түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Кездесу тікелей әлеуметтік желілер арқылы да таратылды.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2022

Жиын-терім ойдағыдай жүргізіліп жатыр

Шығыс Қазақстанда егіс алқаптары былтырғымен салыс­тырғанда 24 мың гектарға артып, орташа түсім жылдағы дең­гейден төмен болмайды деп болжануда. Иә, «балапанды күзде санайды» дегендей, орақ маусымы әбден аяқталған соң нақты цифрлар белгілі болады.

Сұхбат • 27 Қыркүйек, 2022

Заманауи кітапхана

Мынау зымыраған заманда кітапхана оқырманға кітап ұс­татып, кітап қабылдап қана отыра­тын орын емес. Бағы­ты да, мақсаты да өзгерген. Алдыңғы жыл­дары Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев та жа­лақы­ларын көтеруді тапсырып, кітапхана қыз­меткерлеріне тың серпін берген. Содан бері бұл салада не өзгерді, не істелді деген оймен облыстық А.Пушкин атындағы кітапхананың дирек­­торы Бибігүл Жам­был­қызымен әңгіме­лескенбіз.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2022

Алтын күз кенеп бетінде...

Күздің сан алуан бояуға малынып тұрған шағында суретшілер кенептерін керіп, табиғат аясында отырғаны қандай жарасымды. Дәл осы сәтті пайдаланып, этюд жазып алып қалмаса, қазан соңында Алтай жүдейді, сұрланады.

Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2022

Бал түсімін тонналап өлшер еді...

Шығыста балдың отаны – Ка­тон­қа­рағай. Әсіресе Коробиха, Барлық секілді тау ішіндегі ауыл­да­­рының әр ауласы ара бағып, бал шайқайды. Катонның өзінде де бал сапырып отыр­ғандар аз емес. Кеше ғана араларын қыс маусымына дайындап жүр­ген омарташы Ғарап Са­финді көріп, шаруашылықтың аужайын сұрасқанмын.