Руханият • 29 Тамыз, 2022
Шығыс Қазақстанда көне жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» сақ дәуірінен сыр шертетін «Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Жыл он екі ай бағып-қаққан бұғы мүйізін кесу науқаны екі-екі жарым айға ғана созылады. Өз уақытында кесіп алмаса, былқылдап тұрған мүйіз өскен сайын қатая береді. Қатайған мүйіздің емдік қасиеті азая бермек. Сондықтан да бұғы баққан шаруалар мүйізін уақтылы кесіп алуға тырысады.
Таным • 14 Тамыз, 2022
Тамылжыған тамызда Өскеменнен қай бағытқа шыға қалсаңыз да, жолды жағалай қаулаған күнбағысқа қарап таңғалар едіңіз. Бірақ мұндай сұлулықтың маусымы тым қысқа. Күнбағыс бір, бір жарым апта ғана гүл атып, құлпырып тұрады. Сондықтан да шығар, дәл осы уақытта фотографтар, мобилографтар күнбағыс алқабын арнайы шығып таспаға тартады.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2022
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Сөреден суырылып шыққан 45 тайдың ішінен мәре сызығын бірінші болып Аягөз ауданының Ақбастау атты тайы кесті. Катонқарағайда өтіп жатқан «Шығыстың алтын тайы-2022» бәйгесіне Абай, Алматы мен Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан келген атбегілер 100-ден астам тұлпарды топқа қосты.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2022
Жаз айларында кене шағу қаупі күшейетін аймақтың бірі – Шығыс Қазақстан облысы. Қанша сақтанғанмен, бұл жәндікке тап болатын тұрғындардың саны азаймай тұр. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Биыл көктем шыққалы бері өңірде мыңға жуық баланы кене шағып алған.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2022
Өкініштісі, суға түсу маусымы басталғалы Шығыс Қазақстан мен Абай облысында 18 адам суға кеткен. ТЖД құтқарушылары 11 адамды ажалдан арашаласа, жуықта Ұлттық ұлан әскери қызметкері Тілек Құмарбеков Үлбі өзеніне батып бара жатқан 6 жасар баланы аман алып қалған. Оның бұл ерлігін басшылығы бағалап, алғыстарын айтты.
Спорт • 04 Тамыз, 2022
Шығыс Қазақстанға еркін күрестен U-17 әлем чемпионатының жеңімпазы Дарын Әскербек келді. Әуежайда оны туыстары мен достары қарсы алды.
Өнер • 29 Шілде, 2022
Үбі өзенінің жағасына қарайғы шеткері көшеде тұратын Татьяна Котова үйдің күнделікті күйкі тірлігінен қолы қалт етсе, майлы бояумен картина жазады. Жазған жұмыстарының бір бөлігі Шемонаиханың тарихына бағытталса, енді бір бөлігі жылқы тақырыбына арналған. Жүйрік ат десе, делебесі қозып тұратын ол асыл тұқымды Орлов жылқысын да ұстайды екен.
Білім • 27 Шілде, 2022
Білім беру саласында кемшілік көп
Балабақша, мектеп, колледж секілді білім беру мекемелерін бес жылда бір мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, профилактикалық бақылау жүргізу, азаматтардан түскен шағымдар бойынша тексеру, педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуін үйлестіруіне, оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу – облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мамандарының міндеті. Жуықта аталған департамент басшысы Зейнеп Махсұтова баспасөз мәслихатын өткізіп, жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.
Аймақтар • 26 Шілде, 2022
Бірі мыңдаған гектар жерді қоршап алып, өзі де пайдаланбайды, өзге біреуге де бермейді. Енді бірі болса, шабындық пен табындық жер таппай сандалып жүр.